
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрметті донор Александр Скаковский донация саны жағынан Австралия тұрғыны Джеймс Харрисоннан кейін әлемде екінші орында тұр. Бұл туралы egemen.kz жазады. Донорлық - адам өмірін сақтап қалатын ынтымақтың ерлік актісі деп тегін айтылмаса керек. Өйткені, миллиондаған адам өмірлерінде өздері ешқашан көрмеген, өтеуіне ешқандай ақы дәметпей, өз еріктерімен қан тапсырған адамдардың алдында қарыздар. Тәжірибе көрсеткендей, ақысыз донорлардың тапсырған қаны ең қауіпсіз болып келетінін ескерсек, жыл сайын 14 маусымда Донорлар күні әлемдік деңгейде аталып өтіледі. Аталмыш дата адам қанының топтарын ашқан, Нобель сыйлығының лауреаты Карл Ландштейнердің туған күніне орай белгіленген екен. Бір айта кетерлігі, бұл иманды шара әр жылы әр тақырыпта өтеді. Мәселен, биылғы Дүниежүзілік...