
1.ҚАНДЫ ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДАЛУ Донор үшін, әсіресе, қан тапсыратын күннің алдында дұрыс тамақтанғаны және көп сұйықтық ішкені өте маңызды. Осы күні майлы, тұзды, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдарды, сондай-ақ сүт өнімдері мен жұмыртқаны жеуге болмайды. Тәтті шай, варенье, нан, пісірілген жарма, макарон, шырын, минералды су, көкөністер, жемістер пайдалы. Қан тапсырар алдындағы екі тәулік бұрын алкогольден, ал үш тәулік бұрын құрамында аспирин мен аналгетиктер бар дәрі-дәрмектерден бас тарту керек. Қан орталығына келер алдында таңғы ас ішу керек, ал дәл шараның алдында донор ыстық шай ішеді. Қан тапсырудан бір сағат бұрын темекі шекпегені жөн. 2.ҚАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУ Қанды тапсырар алдында донор өзінің денсаулығы мен өмір салты, дәрілік...