6 180

Қанды тестілеу бөлімшесі

Қанды тестілеу бөлімшесі - облыстық қан орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қанды тестілеу бөлімшесі изоиммунологиялық және клинико-биохимиялық зертханаларынан тұрады.

Бөлімше мынадай қызметтерді атқарады:

1. Консервіленген стандартты эритроциттерді дайындау.

2. Донор қандарына зерттеу жүргізу:

1) АВ0, Резус, Келл жүйелері бойынша донор қанын типтеу;

2) донор қандарына антиэритроцитарлық антиденелерге скрининг жүргізу;

3) анықталған антиэритроцитарлық антиденелердің ерекшелілігін анықтау;

 

 

4)анти-А және анти-В антиденелерінің белсенділігін анықтау;

5) резус тиістілігі теріс донорлардың қандарын фенотиптеу;

6)А1 антигенінің топтамаларын қосымша верификациялау;

7) D антигенінің әлсіз варианттарын анықтау.

 

 

 

 

3. Донор қандарына клиникалық және биохимиялық зерттеулер жүргізу:

1) Қан және оның компоненттерін донациялау алдында донордың гемоглобин көрсеткіші мен АлАТ деңгейі анықталады.

 

2) Плазма донорларында әрбір донация алдында қан сарысуында жалпы ақуыз мөлшері анықталады.

 

3) Тромбоцит донорларында әрбір донация алдында тромбоцит мөлшері мен қанның ұю уақыты анықталады.

4) Тұрақты плазма және қан жасушасы донорларына 4 айда бір рет, ал қан донорларына жылына 1 рет төмендегідей зерттеулер жүргізіледі:

- шеткі қанның құрамын анықтау (гемоглобин (гематокрит), эритроцит, лейкоцит, тромбоцит, эритроциттердің тұну жылдамдығы, лейкоформула);

 

- жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары;

- жалпы зәр талдауы.

4. Медициналық ұйымдармен жұмыс:

1) сенсибилизацияланған науқастарға донорлық қанды жеке іріктеу;

2)қан тобы мен резус тиістілікті анықтау;

3) сенсибилизацияланған жүкті әйелдерді динамикалық бақылау;

4) қан қызметінің сұрақтары бойынша мамандарды оқыту және кеңес беру.

 

 









  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толық нұсқа  Скачать файл: seminar.rar [2.41 Mb] (cкачиваний: 9)

 

 
Қан тестілеу бөлімінің дәрігер зертханашысы  Ж.Е.Дүйсенова 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov