5 202

Донорларды жинақтау бөлімшесі

Донорларды жинақтау бөлімшесі

Донорларды жинақтау бөлімшесі облыстық медицина орталығының (ОМО-ның) бірінші қабатында орналасқан3 бөлмеден тұрады (1-ші бөлмеде медициналық тіркеушілер донорларды компьютерге тіркеп, мед. тіркеушінің көмегімен қан компонентін тапсыратын донорлар донорлық сауалнамасына жауаптарын жазады, 2-ші бөлмеде дәрігер донорды қабылдайды және 3-ші бөлмеде дәрігердің қабылдауынан өткен донор шай ішеді).

 

Бөлімшеніңжалпы ауданы – 60,23 м2құрайды.

1. Донор қабылдайтын бөлме -19,02 ш.м

2. Дәрігердің донорды қабылдайтын бөлме - 19,01 ш.м

3. Донорлар тамақтанатын бөлме – 22,2 ш.м

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Ермаганбетова Рыскуль Кенесарыевнажоғары біліктілік санаты, 30 жыл жұмыс өтілі бар дәрігер трансфузиолог және бөлімше аға мейірбикесі Алматова Элмира Тұрғанқызы 2-ші санатты.

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінде 8 медицина қызметкер жұмыс жасайды, яғни 2 дәрігер, 1 фельдшер, 1 маман қызметкері, 3 мейірбике және 1 медициналық тіркеуші.

 

Барлық медицина қызметкерлері уақытылы білімдерін жетілдіріп отырады. Донорларды жинақтаушы бөлімшенің меңгерушісі Ермаганбетова Рыскуль Кенесарыевна Қазақстан Республикасының Денсаулық Сактау Министрлігі мен АҚШ-тың американдық денсаулық сақтау бірлестіктің келісімі бойынша АҚШ-тың Оклахома штаты, Оклахома-Сити қаласында білімін жетілдірген.

 

АҚШ-тың қан қызметі саласынан алынған тәжірибеге сүйене отырып төмендегі іс-шаралар енгізілді:

1.Халық арасында донорлықты насихаттауға студенттер мен еріктілерді (волонтерларді) қатыстыру;

2.Қан құю қызметі жұмысын кеңейту;

3.Донорларды жинақтау бөлімшесінің жұмысын ынталандыру.

Бөлімшенің негізгі міндеттері мен қызметі:


·Ел арасында ерікті, өтеусіз донорлықты насихаттау және дәріптеу;

·14-маусым - «Дүниежүзілік донор күнін» өткізуді ұйымдастыру;

·Көшпелі жағдайда донорлық қанды дайындап, акциялар өткізу.

 
Бөлімше меңгерушісі Рыскуль Кенесарықызы Ермаганбетова 1960 ж. Қызылорда қаласында дүниеге келді.
1968-1977ж.ж. аралығында №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде білім алды.
1977-1979 ж.ж. аралығында Қызылорда  құрылыс трестінің «Жилстрой» басқармасында комсомол жолдамасы бойынша  құрылыста жұмыс атқарды.
1979 ж. қараша айында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының даярлау бөліміне түсті.
1980 ж. АқММИ-де студенті  атанды.
АқММИ 1986 ж. (терапевт) мамандығы бойынша бітірді.
1986 жылдан 1987 жылға дейін Қызылорда облыстық ауруханасының терапия бөлімінде интернатурадан өтті.
1987 ж. бастап дәрігер трансфузиолог мамандығы бойынша Қызылорда қаласы облыстық қан орталығында донорларды жинақтау бөлімінде меңгеруші болып жұмыс жасайды.
1987-1992 ж.ж. облыстық қан орталығының кәсіподақ ұйымының төрайымы болып жұмыс атқарды.
2001 және 2008 ж.ж. Ресей Федерациясында трансфузиология бойынша білімін жетілдірді.
2006 ж.  АМҚДИ (АГИУВ) және 2012 ж. Астана қаласы Ғылыми орталығында трансфузиология мамандығы бойынша білімін жетілдірді.
2001 ж. бастап жоғарғы санатты дәрігер.
Еңбегі еленiп ол облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталды.
2002 ж. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісіне ие болды.
2013 ж. «Еңбектегі ықпалдылығы үшін» медалімен марапатталды.
 

 

 

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov