1 104

Астаналық полицейлер қан тапсырды (ФОТО)

Астана. 28 тамыз. Baq.kz – Бүгін «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында астаналық полицейлер қан тапсырды. Басты мақсат - жол көлік оқиғаларынан зардап шеккен балаларға көмек қолын созу.

Осы күні жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен басқа Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері де өз қалауларынша қан тапсыруда. Сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін ІІД ғимаратында жылжымалы қан тапсыру пункті орналастырылып, акцияға 200-ден астам полиция қызметкерлері қатысты.
Айта кетейік, жылдың басынан Астана қаласы аумағында балалардың қатысуымен 60 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан бір бала қайтыс болып, 59-ы әр түрлі дене жарақаттарын алған.
"Осындай шараны жылына 2-3 рет өткізіп отырамыз. Бүгінгі шара кезінде шамамен 300-400 литр көлемінде қан тапсырылады. Донор ең алдымен тіркеуден өтіп, анкета толтырып, резус-факторын және қан қысымын анықтап алғаннан кейін қан тапсырады" дейді Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Азамат Садықов.
Сонымен қатар, осы күні полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасында жарақаттанған балалар жатқан ауруханаларға барып, сол жерде жас жол көлік инспекторлары қатысуымен жол жүру ережелерін білуі жайлы сұрамағын ойын түрінде жүргізеді, сосын балаларға жарыққа шағылысатын элементтер мен тәттілерді таратады.
 
Гүлжан Раманкулова
Фото: Ғабит Мадалиев
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov