1 153

Алматы өңірлік гарнизонының әскери полициясы шамамен 30 литр қан тапсырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы қажетті медициналық тексеруден өтіп, 29 литр 250 мл қан тапсырды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ол үшін Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағына қалалық қан банкісін толтыру үшін Алматы қалалық қан орталығынан медициналық мамандар тобы келді. Одан басқа, қан құю бойынша ем-шара аяқталғаннан кейін қалалық қан орталығының мамандары донорларға арналған бірқатар пайдалы зерттеулер жүргізеді. Бұл әрі қарай қажет болған жағдайда қан доноры болып қалуға мүмкіндік береді. ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері ұдайы негізде Қазақстанда донорлықты дамыту ісінде өздерінің үлестерін қосып жатқанын және қазіргі уақытта донорлық қанға өте мұқтаж жандарға көмектесіп жатқанын айта кетейік. Мұндай іс-шаралар Қазақстанның Қарулы Күштерінде қалыптасқан ахуалды өзгерту үшін он жылдан астам уақыт бойы жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Шамамен 4 ай бұрын донорлық қан тапсыру бойынша қайырымдылық акцияны ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы мен 21140-Б әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткізді. Жалпы алғанда, әскери қызметшілер шамамен 30 литр қан тапсырды.

Қан тапсыру донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанның белсенді жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына әсер етеді.


http://www.inform.kz/kaz/article/2842305

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov