3 019

Қанның қасиеті

Денеміздегі тамырлар арқылы ағатын қанның бойымыздағы барлық тыныс-тіршіліктің негізі, күш тасушысы екенін туғаннан жақсы білеміз. Сонымен бірге, «қан» сөзінің ерекше­ қасиет пен тағдыр, ата-баба, тылсым дүниелік мағыналарға толы екені де белгілі. «Қанында бар», «қанмен келген», «қандас бауыр», «қанға - қан» сияқты сөздердің төркіні өте терең. Бүгінгі ғылым қан жайлы өте жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оны егжей­-тегжейлі тексеріп, адам қанының оның өміріне, денсаулығына ғана емес, оның мінезіне, тағдырына, тіпті әдеттеріне дейін әсер ететі­нін дәлелдеп отыр.

1900 жылы австриялық ғалым Карл Ландштайнер адам қанындағы эритроциттерді бір-бірімен араластыра отырып мынаны байқайды: кейбір кезде қандар ұйысады да, кейде­ ұйыспайды. «Е-е, адамдардың қанының құрамы әртүрлі болады екен-ау». Содан зерттей келе адам қаны үш түрлі топ болатынын анықтайды. Бірақ, жеті жылдық зерттеуден кейін тағы бір қан тобын табады, яғни төртіншісін. Ғалым бірінші қан тобын «нөл» цифрымен, екін­шіні «А» латын әрпімен, үшіншіні «В» әрпімен, төртіншіні «АВ» деп белгілейді.

Ландштайнердің жаңалығының арқасында бір адамның қаны оған басқа адамның қанын құйған кезде оны қабылдамайтын жағдайлар бо­латынын ашты. Оны қабылдауы үшін ол адамға құрамы сәйкес келетін қанды құю керек. Осы ашқан жаңалығы үшін ғалым 1930 жылы Нобель сыйлығын алды.

Адамның қандық құрамы оның тегінен беріледі. Ата-бабаларымызға «қан шақырады», «қандас», «қанмен берілген» деген сөздер ежелден бел­гілі болса керек. Бүгінгі ғылым жетіс­тігі баланың қанын зерттеу арқылы оның әкесі мен анасын анықтауға мүмкіндік береді. Егер баланың әкесі мен анасының қаны бірінші топ болса,­ жүз пайыз жағдайда баланың да қаны бірінші топ болады. Қан арқы­лы біз әке мен шешеден сырт­қы ұқсастықты ғана емес, қан құрамын да, денсаулығын, мінезі мен тәртібін, тіпті тағдырын да аламыз. Егер анасының қаны екінші, әкесінікі бірінші болса, онда ба­ланың қанының құрамы 50 де 50 бірінші-екінші топтан тұратын болады.

«Қанмен берілген» деген сөз жәй ғана мағыналы сөз емес. Қан - өз құрамы арқылы бізге толып жатқан әртүрлі ақпаратты жеткізуші. Мы­сал­ы, адамның қан тобы мен оның мінезінің байланысын 1920 жыл­дары бірнеше ғалымдар дәлелдеді. Әуелі жапондық психолог, профессор Такедзи Фурукава «адамның қан тобы оның мінезінің анықтаушысы болады ма?» деген зерттеулер жүргізді. Оның зерттеуінен бір­неше жыл өткен соң тағы бір жапон ғалымы Масхико Номи «Сіз – өз қан тобыңыздан шыққан адамсыз» атты еңбек жазды. Осы еңбектен кейін американдық натуропатия докторы Питер Д Адамо «4 қан тобы – денсаулыққа 4 жол» деген бестселлер кітап жазды. Ол бұл кітабында әрбір адамның денсаулығы оның қан тобын­а байланысты, әр топтағы адамға әртүрлі тамақтану жолы қажет екенін жеткізді. Енді ғалымдар дәлелдеген қан топтарын жеке-жеке талдап көрелік.

БІРІНШІ ТОП - ежелгі және әмбебап қан тобы. Бірінші топ қан құрамы әлем халқының жартысында бар. Оның құрамында антигендер (бөгде бөлшектер) жоқ болғандықтан, оны барлық адамдарға құя беруге болады. Сол себептен бұл топтағы донорларды – әмбебап қан берушілер дейді.

Ғалымдар сонымен бірге бірінші топтағы қаны барлар жер бетінде алға­шқылар, ежелгілер екенін анықтады. Бірінші топ қан иелері біздің эрамызға дейін 60-40 мың жыл бұрынғы, аң аулаумен айналысқан неандерталь және кроманьондықтар кезіндегілерге тән болыпты. Сол себептен болса керек, кейбір маман­дар бірінші топтағыларды «аңшылар» деп те атайды.

Кроманьондық аңшылар аң аулап, етпен ғана қоректенгендіктен, олардың тамақ құрамында жануарлардың белогы басым. Сол себептен де бірінші топтағылардың асқаза­нының сөлінде басқа адамдармен салыс­тырғанда қышқыл басым. Бұл топтың адамдарының иммундық жүйесі мықты, жұқпалы аурулармен күресуге төзімді. Алғашқы дәуірдегі адамдар өмір сүру үшін төзім мен бейімділікке үйренген, бұл топтың адамдары қарап отырмайды, әртүрлі тәуекелшіл әрекеттерге әуес, туабітті басшы, күрескерлер. Олар белогі көп тамақты, етті жақсы көреді, шыдамды, батыл, өз-өзіне сенімді, жүйкесі тез қозғыш, мінезі қатал болып келеді.­

Бірінші топтың еркектері махаббат ойындарында айла-тәсілі көп, сұлу әйелдерді аулайтын «аңшылар», сұлу әйелдер үшін күресіп, жүрегін жаулап алуды ұнатады. Бұл топтың әйелдері де жүректері махаббатқа толы, өте қызғаншақ, құмарлықтары басым, бала тапқыш, нағыз «жырт­қыш сұлулар». Әйелдерден шыққан мемлекет басшылары, гангстерлер мен мафия басшылары - осы топтың адамдары.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша бірінші топтың адамдарының қан құрамында адреналин мен норадреналин көп екені анықталған. Қанында допаминнің көп болуынан бірінші топтың адамдары ашу мен ызаға шексіз тасып кететін жағдайлар болад­ы екен. Бұл топтың адамдарының арасында жүрек аурулары, аллерг­ия және қалқанша бездің аурулар­ы көбірек кездеседі. Керісінше бұл топтың адамдарының ішінде ішек аурулары аз, олардың ас қорытуы оңай.

Бірінші топтың мүшелері тамақсаулар, бірақ олардың көп қозғалуы керек. Кейбір диетологтар бірінші топтағылар үшін вегетариандық тамақ зиянды, «аңшының» қаны тек етті қалайды дейді. Бұдан шығар қорытынды: бірінші топтықтар ежелгі адамдар сияқты ет пен сүт, жұмыртқа мен көкөністі көп жеуі керек.­ Кофе, шоколад, шарапты татпауы керек, себебі олардың қанында оған күш беретін заттар онсыз да көп. Дене шынықтыру мен спортпен айнал­ысқаны жөн.

ЕКІНШІ ТОП – аграрлық-вегетариандықтар. Поляк ғалымы Людвик Хирсцфельдтің жақында жасаған зерттеулері бойынша, адамның қанының құрамы оның өмір сүру бейімі­не қарап өзгере бастаған. Адамдар әуелгі заманда аң аулап, ет жеп өмір сүрген дедік қой. Ол кезде олардың қан құрамы тұрақты, яғни бірін­ші болған. Кейін адамдар бірте-бірте өсімдікті тамағына қоса бастағаннан кейін оның қан құрамы да өзгере бастағ­ан. Бұл өзгерістің орын алуы үшін ондаған мың жылдар қажет болды­. Екінші топ адамдары біздің эраға дейінгі 25-15 мың жылдықта пайда болды. Адамдар ауа райы ыстық африкалық аймақтардан солтүст­ікке, топырағы құнарлы аймақта­рға ауыса бастаған. Бірінші топтың адамдары салқын жаққа барып­ тұрып, егіншілікпен айналысып, ғалымдар атаған «вегетариандық» топ өкілдерін құраған. Ең бірінші шаһарларды салған екінші топқа айналған бірінші топтағылар дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, екінші топтықтар бірінші топ адамдарымен салыстырғанда тіл тапқыш, ынтымақшыл, қауымшыл. «Жауынгер» аңшылармен салыстырғанда бейбіт «егіншілер» әлеуметтік өмірге бейім, мінез-құлқы қалыптасқандар. Олар өмір сүру үшін тәуекелге барып жабайы қабанды, аңды қуған жоқ. Үйінің қасында жер жыртып егін екті, көршісімен ынтымақта тұруды қалады.­ Екінші топ адамдары әлемде болған әртүрлі жұқпалы аурудан қырылу кездерінде (оба, шешек) аман қалған, мұндай ауруларға төзім­ді болған. Ғалымдардың айтуынша, «вегетариандықтар» ұқыпты, тәр­тіпті, заң сақтауға берік, өзгелерді сыйлағыш, ақылды, ыждағатты, айла-амалы көп болған. Екінші топтың еркектері жайлы «жақсы адам, бірақ ер емес» деген теңеу тура келеді. Олар ұялшақ, романтикалығы басым, анасына жақын, таңдаған әйелдері би болуды, басқаруды ұнататындар. «Вегета­риандық» әйелдер нәзік мінезді, ұяң болады. Олар – күйеулеріне шын берілген, сүйетін аналар, бірақ ерекше қан қыздыратын қасиет­тері басым емес.

Екінші топтың организмінде асқа­зан сөлінде қышқылдың көп еместігі басым, сондықтан асқазаны белок пен майларды жақсы қорыта алмайды. Осы себептен болар, олар диабет, жүрек, қатерлі ісік аурула­рына шалдыққыш, тез шаршайды. Сондықта­н оларға күш жинау үшін демалуғ­а көп уақыт қажет. Бұл топтың адамдарына майлы тамақты аз жеп, жеміс пен көкөністі көбірек жеген­ жөн, күн тәртібін (режим) мұқият бақылағаны дұрыс.

ҮШІНШІ ТОП – «көшпенділер». Әлемде бұл топтың адамдарының саны 10 пайыз ғана. Бұл топтың адамдары біздің ғасырға дейін 15 мың жыл бұрын пайда болып, сол кездерде солтүстік аймақтарды игере бастаған. Атап айтқанда, Батыс Гималай, қазіргі Үндістан мен Пәкістан айма­ғы. Олар Шығыс Африкадан ауып келген егінші-малшылар болды. Олар жол-жөнекей көшпенді моң­ғол тайпаларымен араласқан. Үшінші топтың адамдары Еуразияның шек­сіз даласын, Моңғолия мен Оралдың, Шығыс Германияға дейінгі аралықта көшіп қонып өмір сүрген, мал шаруашылығымен айналысқан. Содан­ болар, олардың тамағының құрамында сүт пен сүт өнімдері басым.­ Бұл тіршілік олардың мінезіне де әсер етіп, табиғаттың қатал жағдайы, көшу-қону қиындықтары өз таңбасын қалдырған. Осыдан қалған олардың бойында салқынқандылық, жігерлілік, қиындыққа мойымау, қиын жерден жол табу, зеректік, орындаушылық, бейімгершілік басым­. Бірінші мен екінші топтың араласуынан пайда болған үшінші топтықтар осы екі топтың ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірген. Атап айтқанда, ақыл-ой белсенділігі, сезім­талдық, қауіпті тез сезіну, шыдам­дылық дарыған. Олар тіл тапқыш,­ өз пікірі мен өзге пікірді ажырата алады, өзгенің сезімін түсіне біледі. Олар ашық, ақжарқын, нағыз аскеттер, сонымен бірге әртүрлі батыл­ тірліктерге де жақын.

Бір айта кетері, қытайлар мен жапонда­р және басқа азиялықтар арасында осы үшінші топ өкілдері басым. Ежелгі қытай медицинасы осы топтың адамдарына бейімделіп жасалған деуге болады. Сонымен бірге еврейлердің кейбір тұқым­дарында осы «В» тобы көп кездеседі. Сексуалдық белсенділік жағына келеті­н болсақ, бұл топтың ер кісілері бай ғана емес, сонымен бірге сүйкімді. Бірақ, оларда бір әйелге тез «тойып», екіншісіне кетіп қалу жағы жиі. Бұл топтың әйелдері еркектің жүрегін тез жаулап алуға мықты, бірақ олардың әмиянын да тез босатады, сымбатты, сұлу дүниелерді жақсы көреді. Бұл топтың адамдарының денсаулығы жақсы, себебі олардың арғы тегі етті де, көкөністі де бірдей жеген, асқазаны мықты. Вирустық жұқпалы ауруларға аурушаң, қартай­ғанда Альцгеймер ауруы жиі кездесе­ді. Әсіресе қуық пен жыныс ауруларынан, тыныс ауруларынан сақтан­ғандары жөн.

ТӨРТІНШІ ТОП - жұмбақ қандылар. Бұл қан тобындағылардың саны әлемде 5 па­йыз ғана. Олар осыдан 1000 жыл бұрын ғана үндіеуропалықтар (екін­ші топ) мен монғолоидтардың (үшін­ші топ) араласуынан пайда болған. Қазіргі Еуропаның аймағында жерлен­ген сүйектерге геохимиялық тексеру жүргізгенде, біздің эраның 8-9-ғасырларында бұл топтың адамдарының болмағаны анықталып отыр. Иса пайғамбардың Италияның Турин қаласынан табылған киімін­дегі қанды тексергенде, оны төртінші топтың адамы болған деген­ді айтып жүр. Бірақ бұл киім Исанікі ме, әлде басқанікі ме, ол дәлелденбеген. Психологтардың зерттеулері бойынша төртінші топтың адамдары Иса сияқты жұмсақ мінезді, жан-жақты­, рухани бай, сүйкімді, дарынды, харизмасы бар адамдар дейді. Бұл топтың адамдары мықты елшілер, ұстаздар, тыңдаушыларын өзіне тез қарататындар. Олардың арасында емшіле­р, рухани ұстаздар мен шығармашыл қайраткерлер көп кездеседі. Талант пен жұртқа танымал кісілер көп жағдайда трагедияға жақын деген­ бар емес пе? Төртінші топ адамдарының өмірі жұмбақ тағдырға ұласуы­ жиі кездеседі. Мысалы, Джон Кеннеди мен Мэрилин Монро екеуі де төртінші топтан, өмірлері трагедиямен аяқталған.

Сексуалдыққа келер болсақ, төртінші топтың еркектері сезімтал, оңай жарақат алады, бірақ махаббатта­ өте шебер. Олар үшін әйелдің әрбір майда-шүйдесі маңызды. Әйелге ерекше ілтипатпен қарайды, қамқоршы. Бұл топтың әйелдері еркектің көңілін табуға шебер. Бұл жайлы «жұрт алдында ханша, төсекте қан­шық» деген сөз бар.

Бұл топтың адамдарын бейімделгіш (хамелеон) деушілер де бар. Олар өмірдің әрбір жағдайына байланысты бейімделіп, әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Бірақ олар өзінің сезімін бақылауға мықты емес. Сондықтан да олар наркомания мен алкоголизмге, шизофрения мен депрес­сияға оңай берілгіш. Осының нәтижесінде асқазан аурулары, бас аурулар, қан тасуы, инсультке жиі ұшырайды. Диетаға келер болсақ, мамандардың айтуынша, бұл топтың адамдарына аралас тамақ түрі қажет, тамақтың неше түрін іше берсін, тек шектен көп қабылдамағаны жөн.

Ж.АЛАШҰЛЫ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=5122%3A2016-01-28-04-01-28&catid=5%3A2011-11-18-09-02-24&Itemid=5

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov