807

ҚР ҚК әскерилері науқас адамдар үшін шамамен 50 литр қан тапсырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат -ҚР Қарулы Күштерінің «Астана» аймақтық қолбасшылығының жүзден астам әскері «Өмір сыйла» қайырымдылық акциясы аясында науқас адамдар үшін 50 литрге жуық қан тапсырды.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, шараға өз еркімен «Астана» аймақтық қолбасшылығының 46298 және 85510 әскери бөлімдерінің әскерилері қатысты. Атап өту керек, мұндай шаралар әскерилердің денсаулығына да оң әсерін тигізеді - қан айналымы жақсарады.

Әскерилер мұндай акцияларға жыл сайын қатысады. Тапсырылған қан қан құю орталығында сақталады.

Еске сала кетейік, мұндай шаралар ҚР Қарулы Күштерінде үнемі өтіп тұрады. ҚР ҚК әскерилері Қазақстандағы донорлықтың дамуына өздерінің белсенді үлестерін қоса отырып, донор қанына мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуде.






 

http://inform.kz/kaz/article/2869479

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov