936

СҚО-ның 25 құтқарушысы қан тапсырды (ФОТО)



ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ҚР қызыл Жарты ай қоғамдастығының облыстық филиалы ұйымдастырған акция аясында 25 солтүстікқазақстандық құтқарушы қан тапсырды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органы мекемелерінің ведомство жанындағы және құрылымдық құрылыстарының 25 қызметкері қан құюға мұқтаж науқас жандарға көмектесу үшін қан тапсырды », - делінген хабарламада.

«Қан мен плазманы ай сайын тапсырам десем де болады. Бұл науқас адамдар үшін қажет және менің ағзам үшін пайдалы деп есептеймін. Қан Петропавл ауруханаларында жасалған оталар кезінде қолданылды деп ойлаймын. Адамдарды төтенше жағдайларда ғана емес, осындай жолмен де құтқаратынымыз қуантады», - деп атап өтті СҚО ТЖД Петропавл қ. № 4 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Болатжан Асқарбеков.





 

 

http://www.inform.kz/kaz/article/2909883

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov