1 333

Дүниежүзілік донор күніне арналған акция

«Қан тапсырып – өміріңмен бөліс!»деген ұранмен 14 маусым күні Қызылорда облыстық қан орталығында және  Қызылорда облыстық жергілікті полиция ұжымындаДүниежүзілік донор күніне арналған акция өтті

2005 жылғы мамырдан бастап Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ассамблеясы 58-сессиясының шешімі бойынша 14 маусымда Дүниежүзілік донор күнін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Бұл мереке ұлттық тиесілікке тәуелденбей, барлық елдердегі донорларды біріктіреді, өйткені жанашаршылық, қайырымдылық пен мұқтаждарға қол ұшын созуда дене терісінің түсі де, нәсілі де жоқ және ол жұмылдырудың адами факторы болып табылады.

Осы жылғы акция әлем бойынша «Қан тапсырып – өміріңмен бөліс!» деген ұранмен өтіп, Қызылорда облыстық жергілікті полиция ұжымында 50 полиция қызметкерлері өз еріктерімен ауыр халде жатқан науқастарға донорлық қан тапсырды.

Қанға деген қажеттілік жалпы болғанымен, оған қолжетімділік барлығында бірдей емес. Әсіресе қанға деген тапшылық әлем халқының дені тұратын дамушы елдерде байқалуда.

Көшелер мен жолдарда қоғамдық тәртіпті қорғайтын, қылмыстарды тергеп, ашатын офицерлер мен сержанттар адамдардың қайғысын күнде көреді. Полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болғандардың қасынан табылып жатады, олар экстремалды оқиғаларды өз көздерімен көреді, сондықтан да бұл адамдарға донорлықтың қажеттілігі туралы түсіндірудің қажеті жоқ.

Полицейлердің арасында тұрақты донорлар да аз емес, атап айтқанда жергілікті полиция қызметкерлері ұжым басшысы Қайрат Зиятұлы Аденов, акцияны ұйымдастырушы Ғалия Ертайқызы Ережеева, маман бөлімінің басшысы Самат Бижанов, Әлімжан Серікбайұлы Махангалиев, Нурлан Өтепбергенұлы Қудайбергенов, Айым Асылбекқызы Сагнадинова, Қазнабек Балтабекұлы Өміртай, Дархан Тұрғанұлы Алматовтар.  Дәрігерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары тұрақты түрде медициналық тексеруден өтіп, ауыр ауруларға шалдықпағандықтан, қан орталығы оларды қуана қарсы алады.

Осындай ерікті өтеусіз донорлықты қолдау акциясы Облыстық қан орталығында да өтті.

Акция барысында донорлар мен донорлыққа белсенді қатысқан Қызылорда Ішкі Істер департаментінің жедел жылдам қимылдағы арнайы жасақ бөлімшесі бойынша 30 қызметкер және ҚР Қызыл ай қоғамдық қорының қызметкерлері де ерікті түрде донорлық қан тапсырды. 

Барлық ерікті түрде донорлық қан тапсырған ұйым қызметкерлері дәстүрлі құттықтау сөздерін айтып, акцияда қан донорлығын дамытуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар берілді.

 

Қызылорда облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі

Ермаганбетова Рыскуль Кенесарықызы

 






























Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov