698

АҚШ елшілігінің 50 қызметкері қан тапсырды

Фото: Кенжетей Ақсейітов

Бүгін Астанада Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ғимаратында «Ұлттық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» көшпелі бригадасы «Қан бәрімізді біріктіреді» атты акция өткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Американың дипломатиялық корпусы елшіліктердің арасында бірінші болып, осындай игілікті істі бастап отыр. Бүгінгі шараға қатысқан 50 адамның арасында басшылық құрамдағы және қатардағы қызметкерлерде бар. Олар қан тапсыру арқылы өзге біреудің өмірін сақтауға себепші болса, бұл азаматтық парызының орындалғаны деп есептеуге болады.


АҚШ елшілігінің ресми өкілі Рен Эльхаидың айтуынша, дипломатиялық қорпус қызметкерлері бұл бастаманы қуана қолдаған.

«АҚШ елшілігі «Ұлттық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» қан тапсыру бастамасын қуана қолдады. Біз шамамыз келгенше құтыларға құйылатын қанның көлемін көбейтуге көмектесетін боламыз», – дейді Рен Эльхай.


Ал орталық қызметкері Шайжамал Мұсабекова өздерінің 18 көшпелі бригадалары бар екенін, қызметкерлерінің жылдам жұмыс істейтінін айтты.

«АҚШ дипломатикалық корпусы елшіліктердің арасында бірінші болып, өз келісімдерін берді. Күн сайын біздің орталыққа келіп, 150 адам қан тапсырады. Қан ұзақ сақталмамйды. Сондықтан үнемі қосымша қан тапсыру қажет. Астанада кардиологиялық оталар, трансплантация, онкогематолгияның барлығына қан қажет. Жалпы, кез келген ота қансыз болмайды. Сол себепті біз мұндай акцияны жиі өткізіп тұрамыз. Біздің 18 көшпелі бригадамыз бар. Қызметкерлер өте оперативті жұмыс істейді», дейді - Шайжамал Мұсабекова.

ФОТО: Кенжекей АҚСЕЙІТОВ








 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/aksh_elshiliginin_50_kizmetkeri_kan_tapsirdi_20160930_143200

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov