915

ҚАН ТАПСЫР ДА, ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!

Әрдайым қайырымдылық пен мейірімділікке жол ашар ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 түзету мекемесі ұжымы 04.10.2016ж. сауапты іс жасады. Нақтылағанда, түзету орнының басшысы, әділет майоры Тасболат Қалымбетовтың басшылығымен және осы мекеменің мемлекеттік тілде іс жүргізуші А.Бакированың ұйымдастыруымен «Қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла» атты үндеумен 20-ға жуық мекеме қызметкерлері Қызылорда облыстық қан орталығында ақысыз қан тапсыру қайырымдылық шарасы өтті.

 

Науқасқа қажетті қанды дер кезінде құю адам тағдырына өз әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда қан тапсырып, донор болған жандар әрекеті құрметке лайық. ЗК-169/5 түзету мекемесі қызметкерлері тапсырған қан зертханалық сараптамадан өткен соң, аталған мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан науқасқа да құйылмақ.

Адам бойындағы қайғыға ортақтасып, тілеулестік білдіріп, қолдарынан келгенше қол ұшын созу - әрбір дені сау адамның азаматтық парызы. Сондықтан, мекеме бастығы әділет майоры Т.Қалымбетов мұндай игі шара жыл сайын жалғасын тауып, дәстүрге айналатындығына сенім білдіріп, тапсырған қандары науқастарға құйылып сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov