987

АДАМНЫҢ МІНЕЗІ ҚАН ТОБЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛА МА?

Дәрігерлер адам қанын 4 топқа бөліп қарастырады. Соның нәтижесінде олардың қай тобын қай топқа құюға болатыны анықталды.

Сала мамандарының айтуынша, олардың ішінде әсіресе қаны бірнші топқа жататын адамдар көп көрінеді. Шамамен олардың саны 46 пайызға жуық. Одан кейінгі орынды екінші топтағылар құрайды, мұндай азаматтар 42 пайызды маңайлайды. Ал қалған екі топтағылар өте аз деп санауға негіз бар. Мәселен, үшінші топтағылар – 9, төртінші топтағылар – 3 пайыз.
Қан тобын зерттеушілер әрбір топқа байланысты мінездеме жасаған. Олардың ойынша, бірінші топтағы адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді. Екінші топтағылар сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш екен. Сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау көрінеді. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекеттерін мұқият бақылап отырады. Үшінші топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды. Дегенмен, ашуын ақылға жеңдіре алады. Сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады. Төртінші топтағылар көздеген мақсатына жетуге жан-тәнін аямайды, басқа адамдармен тез тіл табыса алады.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/adamny-minezi-an-tobyna-bajlanysty-bola-ma/
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov