1 093

ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ БІРІГІП ҚАН ТАПСЫРДЫ

Облыстық Медицина орталығында қаламыздағы жастар ұйымдарының арасында «Біз-Донор!» атты акция ұйымдастырылды.
    «Акцияның мақсаты - өскелең ұрпаққа донор болғанның ешқандай зияндығы болмайтынын түсіндіре отырып, қаламызда донор жандардың қатарын көбейту және жастарды игілікті іс жасауға шақыру», - делінген «ҚСА» облыстық филлиалының хабарламасында.
    Игі шара ауыр  науқас - лейкемиямен ауыратын, қанға зәру балаларға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар «Донорлық» акциясы онкогематологиялық аурумен ауыратын балаларды емдеу үшін қажетті қанды ақысыз тапсыруға шақырды.
    Бүгінде Қазақстанда әр 1000 тұрғынға 18 донордан келеді екен. Жыл сайын өткізілетін осындай қайырымдылық акциялардың нәтижесінде соңғы екі жылда қоғамның қан донорлығы мәселесіне деген көзқарасы оңтайлы.
   
Шынар БЕКБАН
http://kyzylorda-news.kz/zhanalik/lifnews/871-zhastar-yymdary-brgp-an-tapsyrdy.html
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov