Қан тапсыру – әрбір адамның азаматтық борышы!
Қан адам ағзасына өмірлік маңызы бар, ол барлық тіндер мен мүшелерді қоректендіреді. Ересек адамның қаны орташа есеппен жалпы салмағының 6-8 % құрайды немесе 1кг дене салмағының 65-80 мл құрайды.
Қан бірқатар маңызды қызметтер атқарады:
1.Тынысалу – оттегіні өкпеден тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайды;
2.Қоректендіру – жасушаларға қоректік заттарды жеткізеді;
3.Қорғаныш – қан жасушалары бөгде микроорганизмдерге қарсы белсенді күреседі;
4.Бөлу – тіндерден заталмасу өнімдерін бөліп шығарады;
5.Термореттегіштік – дене температурасын реттейді;
6.Гуморальді – әртүрлі мүшелер мен жүйелерде түзілген сигналдық заттарды тасымалдау арқылы оларды байланыстырады.
Жалпы қан айналысының 45% формалық элементтерден тұрады. Қалған 55% формалық элементтер орналасқан сұйық орта плазмадан тұрады.
Стационарда ем алып жатқан әр түрлі жастағы адамдар күнделікті донорлық қан және оның компоненттеріне мұқтаж.
Сіздің қаныңызға кімге қажет? – жазатайым оқиғалар мен табиғат апаттары нәтижесінде ауыр жарақат алған адамдарға, күйік кезінде, жатырдан тыс жүктілік және босану кезінде немесе босанудан кейін қан кетулермен жүктілігі асқынған әйелдерге. Санымен бірге, күрделі медициналық рәсімдер мен хирургиялық операциялар, және қатерлі ісік ауруларынан зардап шегетіндерге. Одан бөлек, тұрақты қан құюды қажет ететін талассемия және орақ тәрізді клеткалық (серповидноклеточная) анемия, сонымен қатар гемофилия ауруынан зардап шегетіндерге қанның ұю факторларын жасап шығару үшін қажет.
Сапалы, сонымен бірге жоғары технологиялы медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін, донорлық қан жеткілікті мөлшерде болу керек. Донорлық қанның мұқтаж жандарға қолжетімді болуы – қоғамның игілікті міндеті! Тұрақты донорлық қауіпсіз! Тұрақты дозалық қан тапсыру ағзаның гипоксияға төзімділігін арттырады. Қан тапсыратын донорлар жүрек-қан тамыр ауруларымен сирек ауырады. Қан тапсыру донорға өз денсаулығын үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Донор өзінің аз ғана қанын беру арқылы өзге адамдардың, ересектер мен балалардың өмірін сақтап қалады.
Қан тапсырар алдында неліктен диета сақтау қажет?
Қан тапсырар алдында банан, жаңғақтар, жұмыртқа жеуге және сүт өнімдерін ішуге болмайды. Аталған тағамдар хилезге алып келеді.
Хилез дегеніміз - қан сарысуының сыртқы көрінісін сипаттайтын лабораториялық ұғым. Майлы қан компоненттерге бөлгеннен кейін қою және қаймаққа ұқсайды.
Неліктен зиян?
Мұндай қандарға анализ қою мүмкін емес, сәйкесінше ол қан компоненті реципиентке құйылмайды.
Хилездің ең кең тараған себебі қан тапсырар алдында диета сақтамау. Хилезді болдырмау үшін донацияға дейінгі ұсыныстарды сақтау керек.
Сіздің қаныңыз реципиентке құйылады ма , әлде жойылады ма ол тек сізге байланысты екенін есте сақтаңыз!
Қан тапсырғаннан кейін ағзадағы қан қаншалықты жылдам қалпына келеді?
Қан тапсырған соң 30-40 күннен кейін жаңа алынған қан толық қалпына келеді, алайда қанның әртүрлі компоненттерінің қалпына келу жылдамдығы әртүрлі. Ең алдымен плазма қалпына келеді: бір-екі күн ішінде жалпы қан көлемі қалпына келеді. Лейкоцит және тромбоцит деңгейі 5-6 күнде қалпына келеді, ал эритроцит әдетте 4-6 аптада қалпына келеді. Қанның көлемі мен құрамы жылдам қалпына келу үшін қан тапсырып болғаннан кейін алғашқы уақыттарда көбірек сұйықтық ішуге кеңес беріледі: шай, шырын, морс, минералды су т.б. Дұрыс тамақтану керек: гемоглобинді қайта қалпына келтіру үшін донор рационы ақуызды тағамдарға (ет, бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ) бай болу керек. Сонымен бірге, қарақұмық жармасы, қызылша, алма, көптеген кептірілген жемістер, аскөктер т.б. өте пайдалы. Кейбір донорларға қан тапсырғаннан кейін құрамында темірі бар витаминдер ішуге кеңес беріледі.
Тромбоцитаферезден кейін дәрігерлер құрамында кальций бар витаминдерді ішуге кеңес береді, өйткені тормбоцит тапсыру барысында қолданылатын цитрат ағзадағы кальциді шығарып жібереді.
Пациенттер және олардың туыстары мен жақындары қиын сәтте өздерінің қанымен риясыз ең бағалы көмек көрсеткен адамдарға ризашылығын білдіруден еш шаршаған емес.