1 066

Қазақстанның донорлық қызметі халықаралық талаптарға сай - Ж.Райт

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы донорлық қызметтің даму жетістіктері мен перспективалары: халықаралық сарапшылардың бағалауы» тақырыбы аясында брифинг өтіп жатыр.
 
Жиын барысында сөз алған Ауруларды бақылау және профилактикалау жөніндегі АҚШ орталығы (CDC), Орта Азия бағдарламасының және АИТВ/ЖИТС профилактикалау жөніндегі ғаламшар бағдарламасының атқарушы директоры Жанелл Райт еліміздегі донорлық қызметтің халықаралық талаптарға сай келетіндігін мәлімдеді.
- Қазақстанның қазіргі заманғы қан беру қызметі мен донорлық қызметінің жұмысы мен даму қарқыны халықаралық талаптарға сай келеді. Өйткені, CDC қан орталықтарындағы өндірістік үдеріс қалайша ұйымдастырылғанын сала мамандарының өз көзімен бірнеше рет көру мүмкіндігі берілген. Бұл жерде әрине, ең алдымен қауіпсіздік мәселесі басты назарда тұратындығын қаперден шығармаған жөн, - дейді ол.

Айта кетейік, мұндай қызметтің бағалану барысы республиканың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен CDC саласының дамуына, халық денсаулығының индексіне және қан қызметі мамандарының біліктілігіне баса мән беру арқылы анықталады. Ал, жоғарыдағыдай талапқа сай келетіндігін әлемнің 10-нан астам мемлекетінің қан қызметі сарапшылары берген бағасының негізінде нақтыланатын көрінеді.  
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov