837

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы

 

 

 

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алайық!

Табиғи ортада ҚКГҚ вирусы кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлар мен үй жануарларының ағзасында болады.

Аурудың негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері.

Ауру кене шаққанда немесе қырқым кезінде кенелердің қаны арқылы, не болмаса ауру адамның қанымен жанасқанда жұғады.

Аурудың белгілері: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы аяқ астынан тез басталады. Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады – дене қызуының күрт көтерілуі, бас ауруы, тамаққа тәбетінің болмауы, буын мен белдің сырқырауы. Келесі күні лоқсуы, құсуы, іші өтуі, ине салған жерлері көгеруі, беті ісініп, қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан, қызыл иегінен, ішектен қан кете бастайды,

тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, әлсірейді, жүректің соғуы жиілейді.

Кенені жалаң қолмен және бірден жұлып алуға болмайды, өйткені кененің тұмсығы қалып қойып, орны іріңдеп, жара болуы мүмкін. Кенені қарапайым медициналық қысқышпен (пинцетпен) немесе резина қолғап киіп, немесе шүберекпен неғұрлым тұмсығына жақын жай қысып ұстап, шайқамай, бұрамай тарту керек. Шаққан орнын иод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру қажет.

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov