Қан тапсыру – Донор үшін қауіпсіз және пайдалы.
Қан тапсыру – Донор үшін қауіпсіз және пайдалы.
Қан тапсыру - бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемінде қан беру. Дені сау адам үшін мұндай көлемде қан тапсыру физиологиялық жағынан еш қауіпсіз және қалыпты жағдай болып табылады.Көптеген Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Донор болған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады.
Көптеген зерттеулер бойынша донорлық, адам ағзасына өте пайдалы, қан тапсыру салдарынан қан жасаушы жүйесін ынталандыру арқылы тұрақты түрде «жасарады» (адам қанды тапсырды, оның ағзасына жаңару керек деген белгі түседі), яғни бұл, жүрек пен тамыр, иммундық жүйе ауруларының, ас қорыту жүйесі және бауыр мен ұйқы безі бұзылыстарының профилактикасы.
Донордың қан үлгілері қауіпсіз болу мақсатында, қан үлгілеріне зертханада түрлі инфекцияларды (ВИЧ 1,2, Гепатит В және С , Мерез) анықтауға сараптама жүргізіледі. Қанның қауіпсіздігі үшін, барлық медициналық манипуляциялар кезінде бір рет пайдаланылатын құрал-саймандар мен қосымша материалдар пайдаланылады.
Егер,біздің еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқастардың өмірін өлімнен арашалап қалуға себепші болады.