328

Емдік автоматты плазмафарез.

Емдік автоматты плазмафарез –бұл әр түрлі ауруларды кешенді емдеуде қолданалатын тиімді және қауіпсіз әдіс.Бұл пациентті қан ағымынан ағзаның қалыпты жұмысын бұзатын плазмадағы «артық, зиянды» заттардың барлық спектрін алып тастауына байланысты ерекше орын алады.


Емдік автоматты плазмафарез дәрі-дәрмекпен емдеудің тиімділігін арттырады,тез және ұзақ әсер береді,тағайындалған дәрілердің дозасын барынша азайтуға мүмкіндік береді,тамырлар арқылы қан қозғалысының параметрлерін жақсартады,иммунитетті ынталандырады,дене жүктемелеріне төзімділікті арттырады,пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады және іс жүзінде жанама әсерлері жоқ.  Жою (Haemonetics PCS2 арнайы аппаратын пайдалану арқылы) автоматты түрде алынатын палзмамен бірге  жүргізіледі.          Емдік плазмафарез заманауи медицинаның көптеген салаларда тиімді қолданады:

   -неврологияда- бұлшықет әлсіздігі,шашыраңқы скрлероз, Гайен-Барре ауруы;

   -кардиологияда –атероскрлероз, гиперлипидемия,гипертония ауруы;

   -гепатологияда- аутоиммунды созылмалы белсенді гепатит, бастапқы сатыдағы бауыр циррозы ;

   -эндокринологияда- қант диабеті және оның асқынулары,тиротоксикоз,аутоиммунды тиреодит;

   -дерматологияда-ұшық, теңге қотыр, псориатикалық артропатия ,токсикодерма,сыздауық ,дерматит;

  -ревматологияда- құздамалық артрит,құяң,жүйелі қызыл жегі және басқа аутоиммунды аурулар;

  -токсикологияда- әр түрліэкзотоксикоздар; 

  -психиатрияда- қатерлі нейролептикалық синдром,антипсихотикалық дәрілік препараттарға төзімділік. 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov