1 610

Плазмаферез – қан тазартудың аса тиімді тәсілі

Плазмаферез – түрлі ағзалар мен жүйелерді емдеу үшін қолданылатын қан тазалаудың қазіргі заманғы әдісі. Нашар экологияның, стресстердің әсерінен адам организмі ұдайы ластану ықпалына ұшырайды. Тұрмыстық химия, темекі түтіні, алкоголь, есірткі, дәрі—дәрмектер – бұл улы өнімдер организмге түседі және ішкі ағзаларды: жүректі, бүйректі, бауырды зақымдап, бүлдіреді. Организмнің тазаруына жауапты ағзалардың өз міндетін орындауға шамасы келмейді. Сондай-ақ нерв жүйесі, жыныстық бездер де жапа шегеді. Сол кезде плазмаферез дер кезінде көмекке келеді.
Плазмаферез – бұл қан тазалаудың аз жарақаттаушы және жоғары қауіпсіздігі бар (гепатитпен және АИТВ-мен жұқпалану мүмкіндігі жоқ) әдіс.
Плазмаферез процесінде токсиндері, шлактары, антигендері, гормондары, қабыну агенттері бар ластанған плазма жақсы қаннан бөлініп, алып тасталады, сондай-ақ тазаланған қан организмге қайтарылады.
Қан көктамырдан (венадан) аздаған мөлшермен (10 мл-ден) автоматты түрде алынады. Бірнеше секунд бойына ол тазартудан өтіп, тазарған күйде кері қайтарылады. Қан тазарту бір сағаттай уақытқа созылады. Асқынулар мен қосымша реакциялар процедурадан соң мүлдем кездеспейді.

Сауле Мырзабаевна ДЕИЛОВА,
қан дайындау бөлімшесінің мейірбикесі,
облыстық қан орталығы

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov