637

Президент жолдауы


   Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында басталған саяси өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін реформалаудың негізіне айналуы тиіс екенін атап көрсетті және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей қатысты бірқатар нақты шараларды ұсынды. 

   Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл өз кезегіндегі жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

   Президенттің бұл жолдауы нақтылығымен ерекшеленді. 

   «Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. 

   Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды», - деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында. 

   Президентіміздің айтуынша, әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады.

   Әрбір жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, адал, әділ, елімізге жанашыр  болса, тәуелсіз еліміздің іргесі сөгілмесі анық.


Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov