5 383

Қан құюдан кейінгі асқынулар

Қан құюдың түрлі реакциялар мен асқынуларға жетелеуі мүмкін. Реакция дене қызуының көтерілуі, қалтырап-дірілдеу, бас ауруы, аздап дімкәстанумен білінеді. Реакцияның 3 түрі болады:
- жеңіл (температураның 38оС-ге дейін жоғарылауы, аздап қалтырап-дірілдеу);
- орташа (дене қызуының 39оС-ге дейін артуы, барынша білінетін қалтырап-дірілдеу, аздаған бас ауруы);
- ауыр (дене қызуының 40оС-ден жоғары болуы, қатты қалтырап-дірілдеу, жүрек айнуы).
Реакцияларға олардың қысқа мерзімділігі (бірнеше сағат, сирегірек одан ұзағырақ) және өмірлік маңызды ағзалар қызметінің бұзылуының болмауы тән. Реакция кейде аллергиялық сипат иеленеді (уртикарлы бөртпе, терінің қышуы, Квинке түріндегі бет ісінуі).
Ең қауіптісі - трансфузиядан соңғы асқынулар. Олар әдетте сәйкес келмейтін қан құйылғанда (жататын тобы немесе резус-факторы бойынша), сирегірек – сапасыз қан немесе плазма құюда (жұқпалану, денатурлену, қан гемолизі) және қан құюға мүдделік таңдауда қателесу – трансфузия (ауа эмболиясы) мен мөлшерлеу әдістемесін дұрыс таңдамау. Асқынулар жедел жүрек тапшылығы, өкпе, ми ісінуі түрінде білінеді.

Мақпал САРМАНБЕКҚЫЗЫ,
қан дайындау бөлімшесінің мейірбикесі,
облыстық қан орталығы

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov