Донорлар назарына!
Құрметті донорлар!
Облыстық қан орталығы донорлар арасында сауалнама жүргізген кезде олардан қан немесе оның компоненттерін өтеусіз тапсырғаннан кейін берілетін ақшаның мөлшерін көтеруге ұсыныс жасалған.
Донорларға берілетін ақшаның мөлшерін көтеру облыстық қан орталығының құзырына жатпайды.
Ақшаның мөлшері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-111/2020 «Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген. Осы бұйрықтың 3 – қосымшасына сәйкес донор қан немесе оның компоненттерін өтеусіз тапсырған кейін донорға ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерінде ақша төленеді.
Мысалы: 2023 жылға айлық есептік көрсеткіш – 3450 тг болып бекітілген.
Сол себепті донорларға 862,5тг төленуде.