964

Алматыда «Донор күні» акциясы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы-1» темір жол бекетінде «Донор күні» акциясы өтіп жатыр. Жолаушылар мен қызметкерлер қан орталығына қан өткізуде.
Шараны «Қызыл жарты ай» қоғамының қалалық бөлімшесі, «Вокзал-Сервис» оңтүстік аймақтық бөлімшесі ұйымдастырып отыр.
Акцияның өткізудегі негізгі мақсат - ақысыз қан өткізуге үгіттеу.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 18 донордан келеді екен. ДДҰ стандарты бойынша, бұл көрсеткіш 40-60 болу керек. Яғни, елде қанға мұқтаждықтың 40 пайыздайы ғана қамтамасыз етілуде.
Аталған мәселенің өзектілігін ескере отырып, қоғам мүшелері елде ақысыз қан тапсыруды қайта жаңғырту керектігін айтып отыр.
Акция барысында жоғары білікті мамандар келушінің қан тобын анықтап, оны түрлі қоздырғыштардан тазалығын тексеруде. Донорларға жалақыны сақтау шартымен жұмыстан бір күнге босату туралы анықтама ұсынылды.
Дәрігерлер кез-келген 18 жастан асқан, әрі салмағы 50 келіден жоғары болатын дені сау азамат қан тапсыра алатынын жеткізді.
«Қызыл жарты Ай» қоғамының еріктілері вокзал қызметкерлерімен әңгіме-дүкен жүргізіп, естелік сыйлықтарын таратты.
 
Автор: Гүлмира Ғосманәли

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov