1 577

Донор күнін атап өту

«Менің өмірімді құтқарғаныңыз үшін рахмет» деген ұранмен 11 маусым күні Қызылорда облыстық қан орталығында  Дүниежүзілік донор күніне арналған акция өтті

     2005 жылғы мамырдан бастап Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ассамблеясы 58-сессиясының шешімі бойынша 14 маусымда Дүниежүзілік донор күнін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналды.     
     Бұл мереке ұлттық тиесілікке тәуелденбей, барлық елдердегі донорларды біріктіреді, өйткені жанашаршылық, қайырымдылық пен мұқтаждарға қол ұшын созуда дене терісінің түсі де, нәсілі де жоқ және ол жұмылдырудың адами факторы болып табылады. Осы жылғы акция әлем бойынша «Менің өмірімді құтқарғаныңыз үшін рахмет» деген ұранмен өтті. «Ауыр халде жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіз қан» биылғы 2015ж.  акцияның тақырыбы болып табылады.     
     ДСҰ статистикалық мәліметтері бойынша жыл сайын шамамен 800 әйел жүктілік пен босану салдарынан болған асқынудан көз жұмады. Босану уақытындағы және босанудан кейінгі күрделі қан кету аналар өлімінің, аурудың және ұзақ мүгедектіктің негізгі себептері болып табылады. Сондықтан барлық әлемдегі донорлық қозғалысы аналықты қан және оның компоненттерінің жеткілікті қорына қол жеткізу мен трансфузиялық терапияны тиімді және қауіпсіз жүргізу үшін қолдауға бағытталатын болады.   
     Қызылордада 14 маусым Дүниежүзілік донор күні қарсанындағы ерікті өтеусіз донорлықты қолдау акциясы Облыстық қан орталығында өтті.     
Акция барысында донорлар мен донорлыққа белсенді қатысқан Нұр Отан партиясы Қызылорда облыстық филиалының орынбасары Бұханова Роза Аяғанқызы, филиал маманы Махмұтов Бақтияр Зинатұлы, қалалық Нұр Отан партиясы филиалының кеңесшісі Жөкенов Абылайхан Абайұлы, «Қызылорда Таймс» газетінің тілшісі Мальцева Лилия Геннадьевна, қалалық ішкі саясат бөлімінен Сатыбалдиев Дархан, Қанқужаева Бағымкүл, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің химия ғылымдарының кандидаты, зертхана жетекшісі Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы,  ҚР Қызыл ай қоғамдық қорының заңгері Тиканова Ақтолқын Кенесқызы және Көпбаев Әділбек Тажманайұлы белсенді түрде қан тапсырды.
Барлық ұйым басшылары дәстүрлі құттықтау сөздерін айтып, акцияда донорлық қан тапсырып қан донорлығын дамытуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар берілді.

Рыскуль Кенесарықызы Ермаганбетова,
Қызылорда облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі
 

















Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov