1 444

Донор қаны - өмір нәрі

14 маусым – «Дүниежүзілік қан доноры күні»

Донор латын тілінен алғанда (donare латынша - сыйлау) «сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді.
    Донорлық қанға мұқтаж адамға өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі, әрі адам өмірін сақтап қалатын ынталы, ізгі жомарт жандар.
    Ол тарту еткен қан операциялар өткізу кезінде, бала боману кезінде, қан кетуде, ауыр жарақаттануда, күйікте, гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдыққандарға, педиатрияға, химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет.
    Әрбір дені сау адам 18 жастан бастап донор бола алады. Донорлыққа тіркелу кезінде жеке куәлік міндетті түрде болуы керек.
    Қан тапсыратын күні дұрыс тамақтанып, жеңіл таңғы ас (тәтті шай, нана, көкеніс, жемістер) жеп, майлы, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдардан бас тартып, жұмыртқа, сүт тағамдарын пайдаланып, сұйықты көп мөлшерде ішіңіз.
    48 сағат алкогольдік ішімдіктен бас тартыңыз.
    78 сағат ішінде аспирин, анальгин және құрамында аспирин, анальгетиктері бар дәрі-дәрмектерді қабылдамағаныңыз дұрыс.
    Бір сағат бұрын темекі шегуден бас тартыңыз.
    Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде 450 мл мөлшердегі қан беру адам денсаулығына ешқандай зиянсыз. Қан тапсыру донор денсаулығына және иммундық жүйесіне еш зиян келтірмейді, керісінше жаңа жасушалар пайда болып, зат алмасу күшейеді.
    Бұл донордың көңіл күйінің жақсаруына ықпал етеді. Қан тапсыру үшін бір реттік стерильді бұйымдар қолданылады. Сондықтан донор инфекциядан толығымен қорғалған. Әрбір донор адам өмірін арашалап қалу үшін қанын бере отырып, өз қанының қауіпсіз екендігін және науқастың ағзасына тиімді болатын есте сақтауы қажет.
    Қан тапсырғаннан кейін сұйықтықты көп мөлшерде ішу керек.
24 сағат ішінде ауыр жұмыс (биіктікке) жасауға, көлік жүргізуге шектеу қойылады.    
    Қанның көптеген қасиеттері: адам денесін реттейді және тазалайды, оны микробтар мен вирустардан қорғайды.

Дарияш Абсадыққызы АБЕНОВА,
Қызылорда облыстық қан орталығы донорларды жинақтау бөлімшесінің мейірбикесі
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov