848

«Бауырыңа өмір сыйла» акциясы Өскеменде өріс алды (ФОТО)

Астана. 16 мамыр. Baq.kz – 13 мамыр күні «Халифа Алтай» мешітінде жұма намазына жиналған қауым қан тапсыру шарасына қатысты. Қанға мұқтаж жандарға өмір сыйлауға асыққан қауымның көптігі сонша, қан алатын арнайы көліктің алдына жамағат ұзын-сонар кезекке тұрды.

 

 

Діни басқарманың «Бауырыңа өмір сыйла» акциясы шығыс өңірде мешіттер арасында кең өрістеп, жамағат жүрегіне жол тапты.
«Адамдардың өміріне араша болу –ең сауапты іс болып саналады. Жыл басынан бері қалалық мешіттерде бірнеше рет қан тапсыру шаралары өтті, акция бұдан арыда жалғасатын болады» – деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы мешіт қызметкерлері.


Өмір үшін күресіп жатқан жандарға деп қан тапсырып, шараға белсенді қатысқан жамағаттарға, облыстық және қалалық мешіттердің қызметкерлеріне және игі бастамаға ұйтқы болған ұйымдастырушыларға «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының» мамандары алғыс білдірді.



Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

https://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/bauirina-omir-siila-aktsiyasi-oskemende-oris-aldi-foto-84983

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov