1 033

«Сенің күнің, Донор!» атты акция басталды (ФОТО)

Астана. 18 мамыр. Baq.kz - Үздіксіз әрі қызықты қайырымдылық акцияларымен танымал болған «Бауыржан» қайырымдылық қоры, қоғамның назарын проблемаға аудартуды көздейтін жыл сайынғы «Сенің күнің, Донор!» атты акцияның басталғанын жариялады.

Бұл бірегей акция лейкемия мен қан тапшылығын көретін балаларға қолдау білдіруге, әрі жәрдемдесуге бағытталған. Жыл сайынғы акцияны 14-маусым - Дүниежүзілік донор күні қарсаңында өткізу дағдыға айналған. «Өміріме мән берген, донор еді көзкөрген!» ұранымен 2016 жылдың 18-мамыр мен 14-маусым аралығында әр ерікті донор РҚО (Өтепов көш. 1 үй) немесе ҚҚО-на (Бұқар Жырау даңғ. 47 үй) мекен жайына келіп, қан тапсыра алады.


Бұл жайында Алматы қаласында өткен «Сенің күнің, Донор!» жыл сайынғы республикалық қайырымдылық акциясының пресс-конференциясы барысында жоба үйлестірушісі Аида Манабова мәлім етті.


18 мамыр акция қатысушылары мен донорлар мен республикалық қан орталығының қонақтарын, Nestle Kazakhstan компаниясынан арнайы тосын сый күтті. «Сенің күнің, Донор!» акциясына атақты және ерікті адамдар да акцияға қатысады. Осы істері арқылы қан тапсырудың қауіпсіз әрі қиын еместігіне басқалардың көз жеткізу бірден-бір мақсат. Биылғы жылдың да ерекшелігі «Hot Blood challenge» акциясы тәртібі бойынша, донор қан тапсырып болғаннан кейін эстафетаны өзінің әріптесіне не достарына беруі тиіс. Олардың қатарында танымал жұлдыздар да бар деп, «Бауыржан» қайырымдылық қорының мүшесі өз сөзінде атап өтті.


Өз сөзінде, республикалық қан орталығының директорының орынбасары Гүлсара Хабиқызы өз сөзінде, «Жыл санап донорлар қатары артып келеді, бұл қуантарлық көрсеткіш. Себебі әр донор кез-келген жанның өмірін сақтап қалатыны сөзсіз» . Қоғам қайраткері Эльмира Алиева «донор болу-бұл өзгеге өмір сыйлау деген сөз. Қан тапсыру арқылы, біз бойымызда гуманиз мен адами қасиеттерді жандандырамыз»,деп, атап өтті. Еліміздің құрметті доноры Александр Скаковский, баршаны донор болуға шақырып, бұл игі істің тек ағзамызды жаңартып қана қоймайтының сонымен қатар, адам бойында қайырымдылық сезімін,өзгеге деген жанашырлықты тәрбиелейді деді. Samsung компаниясының өкілі Бағжан Бердібай акция арқылы донорлар көбейіп, көптеген жандардың өмірі құтқарылатыныа сенетінің жеткізіп, мұндай шаралардың жылдан жылға дәрежесі мен сапасы арта берсін деген ниетін білдірді.


Республикалық қан орталығының сараптамасы бойынша Қазақстанда ерікті донорлардың қатары 65% өскен. 2014 мен 2016 жылдар аралығында донорлар саны 216 000- нан 226 910-ға дейін артқан. Жыл сайын әлемде 200мың бала қатерлі ісік ауруымен ауырады, олардың 100 –ге жуығы заманауи ем қабылдауға мүмкіндігі болмауы себептерінен көз жұмады. Жыл сайын әлем бойынша 92 миллион донация тіркеледі. 62 елде еріктілердің 100% қан қоры сақталады.


40 елде25% жуық ұлттық қан қорының үлесі бар. Аталмыш акцияның көмегімен ұйымдастырушылар донорлықты жалпыұлттық іс деңгейіне көтеруді мақсат тұтады. Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша емдеу орталықтарының қан қорын толтыру үшін 1 мың адамға 50 донордан келуі тиіс. Қазақстанда қазіргі уақытта 1 мың адамға 18 донордан келеді. Соңғы екі жылда осы тектес қайырымды акциялар елімізде донорлыққа деген оң көзқарастың тууына себепші болды. Былтырғы жылдың өзінде «Сенің күнің, Донор!» акциясы барысында жалпықоғамдық атсалысудың арқасында 1800 литр қан жиналды.


https://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/senin-kunin-donor-atti-aktsiya-bastaldi-foto-85133

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov