1 302

Қазақстанға қан керек!

ҚАЗАҚСТАНДА ДОНОРЛАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРҒАН, ДЕП МӘЛІМДЕДІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙДЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ЕЛЕНА КИМ.
 
«Соңғы жылдары донорлар саны азаюда. Ол екі есеге азайған, бұл негізінен елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, донорлықты ұйымдастырудың бұрынғы жүйесінің жойылуымен, сонымен қатар тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар етудің жеткіліксіздігімен байланысты. Алайда біз бұл жүйені біртіндеп қалпына келтіреміз деп үміттенемін. Мысалы қан тапсырған адамның кезекті еңбек демалысына бір күн қосылады», - деді Е.Ким бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Ол ДДҰ ақпарынша медицина мекемелерін қан құрамының барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін 1 мың тұрғынға 40-50 донациядан келу керек екен. Бүгінде ҚР-да бұл қатынас 1 мың тұрғынға 18 донациядан келіп отыр.
«Үлкен жастағы адамдар қан тапсыруға құлшыныспен барады, ал жастар сирек. Дамыған елдерде әр дені сау азамат жылына бір рет қан тапсырады. Бұл салауатты өмір салты мен моральдық құндылықтар элементі. Мәселе жеткілікті деңгейде насихат жұмыстарының жүргізілмейтіндігінде», - деді Е.Ким.
Өз кезегінде республикалық қан орталығының директоры Делявер Бекіров ҚР донорлық жүйесінің заманауи құрылғылармен үнемі жабдықталып келе жатқанын айтты.
«Қоғамда бұл процедураның қауіпті екендігі туралы қорқыныш бар. 2006 жылдары қан қызметі қалдық қағидасы бойынша қаржыландырылып келген еді. Ал қазір жағдай түзелді. Бұрын адаммен жүргізілетін әрекеттердің бәрі автоматтандырылған. Қан тапсыруға денсаулығында ақауы бар адамдар жәберілмейді, ал арнайы ақпараттық жүйе донордан реципиентке дейінгі жолды бақылауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Д. Бекіров.
Ол донорларға қолайлы болу үшін оларға арнайы мобильді бригада баратынын да айтты.
«Біздің орталықтағы қан базасының 60 %-ы мобильді бригаданың көмегімен жиналған. Бұл адамдарға қайтарымсыз көмек жасағылары келетіндерге барынша жағдай жасаудың әлемдік тенденциясы», - деп түйіндеді сөзін Д. Бекіров.
Халықаралық донор күні 2004 жылдан бері ерікті және тегін түрде қан тапсыруға шақыратын халықаралық ұйымдардың бастамасы бойынша аталып өтіп келеді. Олар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдарының халықаралық федерациясы, қан донорларын ұйымдастырудың халықаралық федерациясы және халықаралық қан құю қоғамы.
 
Дуанабай Жолдасбек
 
http://www.aikyn.kz/news/view/51471
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov