1 849

ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы

11.10.2016ж.халық арасында өтеусіз тұрақты донорлар санын арттыру мақсатында ерікті қан донорлығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда облыстық қан орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты және облыстық, қалалық білім беру ұжымдарының басшылары мен мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы директоры А.Байменов ашып берді және филиалдың 9 ай көлемінде көлемінде атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.





Филиал қызметкері Г.Омарова «Қан донорлығы мәдениетін қалыптастырудағы рөлі» жайлы қысқаша дәріс оқылды.

Пікір алмасуда облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбетова өз сөзінде:«Қан қызметінің даму болашағы мен маңызды сұрақтарын» талқыға салды.
Қан қызметі қай кезде де денсаулық сақтаудың ең маңызды саласы болып қала береді. Жоғары сапалы және қауіпсіз қан құюды қамтамасыз ету үшін қан қызметі соңғы 6-7 жылда Үкіметтің ерекше назарына алынған. Соның нәтижесінде оны халықаралық талаптарға сай дамыту тұрғысынан атқарылған шаруалар көп. Бұл өзгерістер ұйымдастырудан бастап, қан алу, қан құрамын айыру бойынша технологияларды жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыруды қамтыды.

Қазіргі кезде ең өзекті болып тұрған – қан қомпоненттері қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету. Осы бағытта елімізде соңғы 6-7 жылда үлкен жұмыстар атқарылды. Біздегі Қызылорда облыстық қан орталығының қан құрамдас бөліктерінің сапасы әлемдік талаптарға сай деп сеніммен айта аламын.

Қолданылатын құрал-жабдықтардың барлығы, донор қанын зертханалық зерттеуден өткізетін құралдар соңғы технология тілімен сөйлейді.

Қан қызметінде түйткілі шешілмей тұрған мәселе – ерікті донорлықты дамыту. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, 1000 адамға шаққанда, донор саны 50-60 болуы керек. Ал Қазақстандағы көрсеткіш 16-17-ден аспайды.
Мамандардың ерікті донорлықты дамытуға баса назар аударып отырған себебі – донор болмаса, қан қызметінің де мәні жоғалады. Бір рет қан өткізген адам 3 адамның өмірін сақтап қала алады. Сондықтан ерікті және тұрақты түрде қан өткізіп тұруды жан-жақты насихаттау маңызды. 1000 адамның ішінде 17-нің ғана қан өткізуі өте аз. Ал қажет кезінде қан тапшылығы туындамас үшін мыңның 50-60 тұрақты түрде қан өткізіп тұруы шарт. Жалпы, шетелдерде ерікті түрде қан өткізу жақсы дамыған. Ерікті донорлықты насихаттайтын үкіметтік емес ұйымдар көптеген елдерде жұмыс жасайды.

Мысалыға, Алматы Қызыл Ай Қоғамы Департаменті директоры Марат Мельдеханов ұйымдастыруымен волонтерлер «Клуб-25» ерікті донорлар жастар арасында ерікті донорлықты насихаттаудағы тәжірибелері мол.
«Клуб-25» жастар қозғалысы басты мақсаты – ерікті донорлық арқылы адамдардың өмірін сақтап қалуды насихаттау. Бұндай қозғалысты құру идеясы 1989 Зимбабведе «Уәде беру-25» атауымен дүниеге келген. Бұл уәденің мәні – мектеп бітірген соң 25 рет ерікті түрде қан өткізу.

Идеяның кең ауқым алуына жастардың қолдау көрсетуі маңызды рөл атқарды. Өйткені клуб жастармен өз тәжірибесімен бөлісіп, донорлық, салауатты өмір салтын ұстану мәселесін талқыға салды. Донорлық туралы ақпараттық парақшалар, нұсқаулықтар таратыла бастады. Кейіннен мұндай идеяны әлемдік қауымдастық қолдап, өзге елдерге де тез таралды.

Қазіргі таңда әлемнің 60-тан аса елінде халықаралық «Клуб-25» ұйымының өкілдіктері бар. Осы жылдың мамыр айында бізді халықаралық «Клуб-25» ұйымы өз өкілдіктерінің бірі ретінде таныды.

Алматыда «Клуб-25» республикалық қан орталығымен тығыз жұмыс жасайды. Міндеттері – жастардың арасында ерікті донор болудың жолдарын, артықшылықтарын түсіндіру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, тұрақты түрде қан өткізетін адамның өмірі 5 жылға ұзарып, жүрек-қан тамырлары ауруының қауіпі бірнеше есе төмендейді екен. Өйткені атеросклерозға әкеп соғатын зиянды қосылыстар донордың қанында жиналып үлгермейді. Тұрақты түрде қан өткізетін адамдардың ағзасы да жасарып отырады. Оның үстіне қан өткізер кезде толық тексеруден өтетіндіктен, түрлі аурулар ерте кезеңінде анықталады.

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Рыскуль Кенесарыевна Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov