723

ҚАН ТОБЫҢЫЗ ҮЙЛЕСЕ МЕ?

Еліміздеқаншамаадамзаңдытүрденекесінқиыпжатады. Статистмамандаршаңырақкөтерушілержылсанапкөбейіпкеледідейді. Алжаріздегенжастародандакөпкөрінеді. Бізоларғаеуропалықтардыңмінезжарасымдылығынабайланыстымынабіркеңесінұсынбақпыз. Біртопастрологтарменпсихологтаржәнемедицинамамандарыкөзжеткізгенбұлтәсілжұптықжарасымнанхабарбереді.

Бойжеткендер үшін…

І топ. Қан тобы осыған сәйкес келетін қыз-келіншектер өте қызғаншақ келеді. Олар тез қимылдайды, кесіп сөйлейді, тірлігіне тындырымды. Олар күші мығым, ерік-жігері мықты жігіттерді ұнатады. Ынжық, жалтақ, пікірін ашып айта алмайтын жігіттермен ұзақ тұра алмайды.
ІІ топ. Бұлар сабырлы, нені болса да ой елегінен өткізіп, ақылмен шешеді. Қимылы баяулау, бірақ тірлігіне пысық. Отбасылық өмірде кез-келген ауыртпашылықты көтере біледі. Көнбістеу, алайда бір ашуланса басылуы қиын. Өйткені жылдар бойы жинаған өкпесін бір-ақ күнде төгіп салып, жіпті шорт кесуі ықтимал.
ІІІ топ. Қимылы да, сөзі де жылдам, ойы да тез өзгеріп отырады. Ойынан шыққан адамынан өлсе де айырылмайды. Бірақ тез шешім қабылдап, тез айниды. Ол сөзге шешен. Сырттай өте пысық көрінгенмен, аңғалдығы мен жалқаулығы бар.
ІV топ. Өте сезімтал. Кез-келген адамның тілін тауып, шүйіркелесе кетеді. Бірақ өзінің сырын ашпайды. Олар ықыласпен тыңдап, шерін тарқатуға таптырмайтын жан. Бірақ ренішті кешіре алмайды. Аса қатты да, жұмсақ та емес, беделді, айналасына сыйлы жандарды ұнатады.

Жігіттер үшін…

І топ. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Бірақ өмірлік жарын жақсы көреді. Бостандықты сүйеді. Сөйлесе дүйім жұртты аузына қаратады, көрікті болмаса да көптің ішінде ерекше көзге түсетін, өнерлі жан.
ІІ топ. Үлгілі отағасы бола біледі. Сүйгені үшін бәріне көнуге дайын. Тек қалаулысы жанында жүрсе болғаны. Белсенді болмағанмен өз ісіне тиянақты, тындырымды. Сүйгенін қажетті дүниемен қамтамасыз ете алады.
ІІІ топ. Қашанда серілік жасағанды ұнатады. Сүйгенінің көңіліне қаяу салса кешірім сұрамайды, өйткені осы болмысымды қабылда деген менмен талап тұрады. Олар өзін күтетін, қылықты, кешірімді де пысық бойжеткендерді ұнатады.
ІV топ. Серігінің тілегін де, айтары мен ойындағысын да сезіп, түсініп, көңілінен шығып тұратын мұндай жігіттер кез-келгенді бақытты ете алады. Көпшіліктің көңілінен шығып, суырып салып өлең оқып, әу деп те қоятыны бар. Көңілі келсе азық-түлікті өзі көтеріп келіп, кір де жуа салады.

Aitaber.kz

http://aqmeshit-aptalygy.kz/an-toby-yz-jlese-me/
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov