1 165

Донор күні

Қызылорда өңірінде жыл санап өз еркімен қан тапсырушылар саны артуда. Облыстық қан орталығы бүгінгі таңда 16 медициналық мекемені қанмен қамтамасыз етіп келеді. Көбінесе қан компоненттеріне тапсырысты облыстық балалар ауруханасынан келіп түседі, олардың ішінде донорды үнемі қажет ететін лейкоз, аққан сынды науқастар да бар. Балалардың ауыр жағдайын ақ халаттылар жақсы біледі. Сондықтан жыл көлемінде балалар ауруханасы ұжымымен бірлесе «Рахмет, саған донор» акциясын ұйымдастырып отырамыз. Биыл акция барысында 70-ке жуық медицина мамандары өз еріктерімен донор атанды.

                 

 

 

12.06.2017ж. «Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамының Қызылорда облыстық филиалымен» бірлесіп ұйымдастырылған акцияның алғашқы сағаттарында 50-ге жуық адам қан тапсырды. Тегін қан тапсыруға қатыса отырып қызылордалықтар, донорлық қозғалысты дамытуға өз үлестерін қосуда. Акция барысында оларға облыстық қан орталығы мен "Қызыл ай» қоры атынан Алғыс хатпен, тәттілер және сыйлақтар табысталды.

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі:Рыскуль Кенесариевна

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov