1 881

Қанның құрамдарын сақтау тәртібі

       Қанның құрамдарын сақтау тәртібі

   Дайындалған қанның құрамдары соңғы рет тексерілгенге, этикетка жапсырылғанға дейін жіберілуге дайын қанның құрамдарынан бөлек, жеке тоңазытқыштарда немесе тоңазытқыш камераларда, белгілі бір «Қан тексерілмеген! Беруге болмайды!» деген жазуы бар сөрелерде сақталады.

Сақтауға арналған тоңазытқыштар және тоңазытқыш камералар негізгі жарық көзіне қосымша резервтік электр қоректендіру көзіне қосылады.

Температураны бақылайтын автоматты жазатын құрылғы жоқ кезде тар мен мұздатқыштардың темпреатуралық режим мониторингі температуралық режимді тіркеу журналына мәліметтер тәулік ішінде 3 реттен кем емес енгізіледі.

Қанның құрамдары тоңазытқыштарда немесе мұздатқыш камераларда қан тобына және резусына байланысты жеке-жеке сақталады. Әрбір қан тобының сақталатын тоңазытқыштарының немесе мұздатқыш камераларның сөрелеріндегі белгілерге сәйкесті белгілері болады.

Эритроциттер массасы +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.

Лейкоциттері азайтылған эритроциттер шектеулі мерзімге сақталады – +20С +60С температурада. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.

Жуылған эритроциттер +20С +60С температурада 24 сағаттан аспайтын уақыт тігінен сақталады.

Сұйықталған эритроциттер +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді.

Аферезді эритроциттер эритроциттер массасы +20С ден +60С-ге дейінгі температурада тігінен сақталады. Егер сүзу немесе басқа әдістермен өңдеу жұмысы ашық жүйеде орындалса, онда сақтау мерзімі шектеулі - +20С +60С температурада 24 сағатқа дейін.

Сүзу әдісімен немесе ашық жүйде дайындалған басқа әдістермен лейкоциттері азайтылқан эритроциттер шектеулі мерзімге +20С-+60С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.

Криоконсервленген және криоконсервленген карантиндеу эритроциттер -650С-800С температурада 5 жыл сақталады, сұйық азотта -1500С-1960С температурада жиырма жылға дейн сақталады.

Ерітілген криоконсервленген эритроциттер ерітілгеннен және жуылғаннан кейін +20С-+60С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.

Тромбоциттер концентратын бөлуге арналған қанды дайындалған сәттен бастап +200С +220С температурада 6 сағаттан аспайтын уақыт сақтайды.

Тромбоциттер концентраты (бұдан әрі - ТК) үнемі араластырып отырып +200С-+220С температурада сақталады

Тромбомиксері бар термостат болса сақтау мерзімі дайындау сәтінен 72 сағатқа дейін болады.

Тромбомиксері бар термостат болмаса +220С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.

ТК бактериалды контаминацияны бақылауды және дайындау үшін арнайы гемакондарды (КТ үшін) қолданылғанда тромбомиксермен концетратта сақтау мерзімі 5-7 тәулік.

Криоконсервленеген ТК қатырылған түрде электр рефрижераторда -80°С температурада немесе сұйық азот буында -150 температурада бір жыл сақталады.

Гранулоциттер концетраты -220С±20С температурада 24 сағатқа дейін сақталады

Жаңа қатырылған плазманы дайындауға арналған қан +40С +60С температурада 6 сағаттан аспайтын уақыт сақталуы тиіс.

Жаңа қатырылған плазманың (бұдан әрі - ЖҚП) тиімді сақтау температурасы -300С және одан төмен. ЖҚП сақтау мерзімі: -250С -300Стемпературада 12 ай, -300С және одан төмен температурада 24 ай. ЖҚП тасымалдау кезінде (-250С -300С) ұсынылған температураға жақын сақтау температурасы қамтамасыз етіледі. ЖҚП еретілгеннен кейін 1 сағат ішінде пайдалануы тиіс және қайта мұздатуға келмейді.

Криоприципитат -300С және одан төмен температурада 24 ай немесе -250С -300С температурада 12 ай сақталады. Жарамдылық мерзімі қан дайындау күнінен есептеледі.

Егер қан компоненттері ДСҰ жеткізілгенде дереу пайдаланылмайтын болса, онда олар ұсынылған температурада сақталуға жіберіледі.

 

 

 

 

Сурет: doska.novo-city.ru сайтынан

 

 

 

 А.Ш.ЖОЛМАХАНОВА,

қан компоненттерін іріктеу, карантиндеу,

сақтау және өнімді жіберу бөлімшесінің аға мейірбикесі


Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov