914

ҚАН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Қан және оның қауіпсіздігі - донордан бастап соңғы реципиентке құйылғанға дейінгі аралықты қамтитын сапалы қан өнімімен қамтамасыз етудегі барлық үрдістердің жиынтығы.

Қан және оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарылатын іс-шараларға тоқталатын болсақ:

   1. Донорды қарап тексеру;

   2. Донордың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тексеру;

   3. Қан алу барысында асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтау;

   4. Қан компоненттерін алуды аппараттар арқылы жүзеге асыру;

   5. Қан компоненттерін лейкофильтрлеу;

   6. Патогенинактивациялау;

   7. Карантиндеу;

   8. Сақталуын және дұрыс тасымалдануын қадағалау.

    Сапалы қан дайындаудағы жетістіктердің алдыңғы қатарында аппараттық аферез әдісін айтуға болады. Қан компоненттерін аппарат арқылы бөліп алу және SAGM ерітіндісін қосу арқылы дайындау трансфузиядан кейінгі асқыну қаупін төмендетеді. Канадалық әріптестердің тәжірибесімен (Источник: Transfusion Volume 52, December 2012. Elisabeth Semple, Audrey Bowes-Schmidt, Qi-Long Yi, Susan Shimla, and Dana V. Devine ) аллергиялық реакциялар 0,07% дан 0,04% ға азайған. Аппараттық аферез арқылы бір донордан бірнеше доза қан компонентін алуға болады. Осы орайда айта кететін болсақ, Қызылорда облыстық қан орталығы тромбоциттерді 100% HAEMONETICS MCS+ аппаратымен дайындауда.

Қан компоненттерін лейкофильтрлеу не үшін қажет ?

   • Инфекциялар қаупін төмендетеді (сепсиске алып келуі мүмкін бактериялар, цитомегаловирус (СМV), және басқа да вирустар)

   • Реципиенттің иммундық жауабын төмендетеді (HLA антигеніне аллоиммунизацияны)

   • «Трансплантат-қожайынға қарсы» эффектісін төмендетеді

   • Фебрильді реакцияларды төмендетеді (донорлық лимфоциттер ыдырағанда пирогендердің босап шығуымен байланысты)

    Патогенинактивациялау әдісі – фотохимиялық өңдеу барысында синтетикалық псорален амотосаленнің ДНҚ және РНҚ – мен қарсы байланыс түзуіне негізделген. Патогенинактивация арқылы 28 түрлі патогенді жоюға болады және де қан компонентінің құрамы сақталады, яғни клеткалар мен белоктарды ыдыратпайды.

    Карантиндеу – гемотрансфузиялық инфекцияларды анықтау мақсатында жүргізілетін қең тараған әдіс. Қан компоненттерін 6 айға карантиндеу арқылы гемотрансфузиялық инфекциялардың инкубациялық кезеңінде жұғу қаупін болдырмау мақсатында жүргізіледі. Қызылорда облыстық қан орталығы медициналық ұйымдарды 100% карантинделген және патогенинактивацияланған жаңа мұздатылған плазмамен қамтамасыз етіп отыр.

Қан және оның компоненттерінің сапасыздығы көп жағдайда дұрыс тасымалдамау кезінде (шамадан тыс шайқау) эритроциттердің гемолизімен, бактериалдықластанумен, плазма белоктарының денатурациясымен, суық тізбекті сақтамаумен (температураның күрт ауысуы, аса қыздыру, тоңазыту), және жарамдылық мерзімінен асырып сақтаумен байланысты. Сондықтан, қан және оның компоненттері бекітілген ережелерге сәйкес тасымалдануы тиіс.

 

Р.Ж.Дәуітова

Қан және оның компоненттерін

дайындау бөлімшесінің меңгерушісі


 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov