1 738

ДОНОР БОЛУ – ИГІЛІКТІ ІС

"Донор” сөзі латын тілінен аударғанда "тарту, "сыйлау” деген мағынаны білдіреді. Біз қан тапсыру арқылы оған мұқтаж науқас адамның өмірін сақтап қаламыз.
 
Жасы 18-ден асқан кез келген дені сау адамның 450,0 мл. көлемінде қан тапсыруы физиологиялық қалыпты жағдай болып саналады. Бұл процесс кезінде қан жоғалту қаупі болмайды. Керісінше, қан тапсыру адам ағзасына оң ықпалын тигізеді: жаңадан қан жасушалары түзіліп, ол адамның иммунитетін арттырады. Сондай-ақ, қан жасау процесі жақсарады, жүрек ауруларының алдын алады, ұйқы безі, бауыр, ас қорыту ауруларына пайдасын тигізеді, қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларының алдын алады. Бұған қоса, қан тапсырған адамның ағзасы қан жоғалтуға төзімді болады. Бұлар бірнеше жылдар бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері арқасында анықталып отыр. Сонымен бірге, әрбір донор қан тапсыру барысында бірнеше лабораториялық зерттеулерден өтіп, нәтижесінде өз денсаулығының жай-күйінен хабардар болады.
 
Қан алу шарасы – қан орталығында, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімшесінде жүзеге асырылады. Донордың плазмасы жоғарыда атап өткен зерттеулермен ғана шектелмейді және науқасқа бірден құйылмайды, қанның құрамындағы жұқпалы дерттердің болмауын анықтау үшін плазма 6 ай мерзімге карантинге қойылады. Донор қанының плазмасы қан орталығында 3 жылға дейін сақталады, сол уақыт аралығында донордың өз плазмасы өзіне керек болып қалуы әбден мүмкін. Донор болғысы келетін әрбір азамат өз ауруын жасыруға болмайды. Сіздің бір тамшы қаныңызға зәру науқастарға, соның ішінде бүлдіршіндерге қол ұшын берем десеңіз, азаматтық парызыңызды өтегіңіз келсе, қан орталығына асығыңыз!
 
Рая ДӘУІТОВА,
облыстық қан орталығы,
қан және оның компоненттерін дайындау бөлімшесінің меңгерушісі.
 
Сурет www.halykbank.kz сайтынан алынды
 
http://www.syrboyi.kz/kogam/3648-donor-bolu-iglkt-s.html
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov