820

Донорлық қан тапсыру - әрқайсымыздың азаматтық парызымыз!

Қан тапсырған: пайдалы ма, әлде зиянды ма?

Осы донорлық қан тапсыру процедурасы арқылы адам ақысыз түрде зертханалық талдау жасай алады: АИТВ, мерез, гепатиттің түрлері, гемоглобин көрсеткішін, эритроцит, ЭТЖ, лейкоцит, АЛАТ және де қан тобы мен резус тәуелділікті анықтап береді. Донорлық ағзаны жаттықтырады және өмірдегі ең қиын жағдайларда дайындайды (ота, жарақат, қан жоғалту т.б. ). Ғалымдардың мәліметі бойынша, қанды көп жоғалтқан кезде, жәй бір адамға қарағанда донордың аман қалуға мүмкіндігі көбірек. Американдық және финляндиялық зерттеу өткізгенде, статистика бойынша қан тапсырудың пайдасы зор, себебі еркек пен әйел донорларда жүрек ұстамасы 30 %-ға дейін төмендейді. Донорлардың жүрек пен қан тарату тамырлары, иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және тағы да басқа ағзалары тиімді жоғары жұмыс жасайды, денсаулығын жақсартады.

Негізінде қан жоғалту иммунитетті түсірмейді, керісінше жаттықтырады, зат алмасуын күшейтеді және деағзаның жұмысын жақсартады. Бір сөзбен айтқанда қан тапсыру пайдалы. Демек қорықпай қан тапсырып, донор болыңыздар.

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov