1 390

Қан тапсырудан асқан қайырымдылық жоқ

Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады.
Донорлық қан болмаса, қан ауруына, онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес.
Қазір әлемнің 62 елінде қан донорлығы өтеусіз жүргізіледі. Донорлар тапсырған қаны үшін ақша сұрамайды. Ал біздің еліміздегі қоғам түсінігі бойынша, қан тапсырған адам өз денсаулығына зиянын тигізеді. Дәрігерлердің айтуына қарағандай, әсілінде, бұл әрекет донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық жағынан да пайдалы. Егер біздің еліміздің де әр тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, сан мыңдаған адам өз туысынан айырлымас еді.
Осыған орай, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында өтеусіз ерікті түрде донор болуды насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық - әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі.

Қан тапсыру - бұл донорлық рәсім, яғни 450,0 мл көлемінде қан беру. Дені сау адам үшін мұндай көлемде қан тапсыру физиологиялық жаынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай. Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетеді. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады. Ең бастысы, донор өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа екінші өмір сыйлап, рухани өз-өзіне риза болады. Яғни, психологиялық жағынан да пайдасы зор. Қазақстан Республикасының заңында ақылы донорлық қызметке рұқсат етілген. Бірақ ақылы донорлар материалдық пайда көру үшін қан тапсырарда денсаулығы жөнінде нақты ақпаратты жасыруы мүмкін, сондықтан өтеуін сұрамай, тегін қан тапсырғандардың қаны мен оның құрамдас бөліктері қауіпсіз болып саналады. Өтеусіз донорлықты дамыту - адам бойындағы қайғыға ортақтасу, тілеулестік, қол ұшын беруге дайындық қасиеттерін оятады, ал бұл қасиеттер бүгінгі қоғамға аса қажет.

Жасы 18-ден асқан, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ, дені сау, төлқұжаты бар Қазақстан азаматы донор бола алады. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады.

Қан алу шарасы - қан орталығында, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінде жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады, зертханада ВИЧ 1,2 инфекциясы, В және С гепатиттері маркерлеріне және мерезге сараптама жүргізеді. Қанның қауіпсіздігі үшін қан бір рет қолданылатын, зарарсыздандырылған гемаконға алынады. Гемакон - қанның емдік қасиетін жоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалдан жасалған ыдыс. Донордан алынған қан, қанды айналдыру үшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі, бұл жерде қаннан негізгі үш компонент алынады: плазма,тромбоцит және эритроцит концентраты.

Плазмаферез - организмнен қан компоненті болып табылатын эритроцит, лейкоцит, тромбоциттен қан сарысуын бөліп алу. Плазма- 90% судан тұрады, құрамы қоректік заттарға бай. Олар:
• ақуыз,
• май,
• көмірсу,
• гормон,
• дәрумендер сонымен қатар организм тіндерінің құрылымына және өмір сүруіне жағдай жасайтын органикалық заттар.
Плазма медицина саласының хирургия, акушерия, гинекология, онкология, гемотология бөлімдерінде кең көлемде қолданылады.
Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін береміз.
 
Автор: ҚАЗАҚПАРАТ
http://www.zhardem.kz/news/1414730374.html
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov