1 006

80 студент қан тапсырды (фото)

Ағымдағы жылдың 3-ші желтоқсанында  Қызылорда қалалық №3 емхананың "Шапағат"  Жастар денсаулық орталығында  "Дені саудың - жаны сау, батырлыққа бастар жол - қан тапсырып донор бол!" тақырыбында акция өтті. Акция "Жастарды қолдау орталығының” директоры Жандос Бектайұлы Тусмагамбетовтың ұйымдастыруымен басталды. Жандостың өзі көпшілікке өнеге көрсетіп қанды бірінші болып тапсырды. Акцияға қатысқан студент жастарға облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Рыскуль Кенесарықызы Ермаганбетова дене қимыл белсенділігінің, спортпен шұғылданудың, дұрыс тамақтанудың, тұрмыста және жолда жүріп тұру қыр-сыры мен салауатты өмір салты мәдениетін өскелең ұрпақ арасында қалыптастыру және қан компоненттерін тапсыратын донорлар мен гемопоэтикалық дің жасушаларының ерікті ақысыз донорлағына қажеттіліктері мен қауіпсіздігі туралы дәріс оқыды. Акцияда жастар белсенділік танытып, 80 студент қан тапсырды. Оларға түрлі сый-сияпат көрсетілді.








Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov