222 732

Қол жуу тәртібі. Қажетті құжаттар

Негіз: ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы». №111 бұйрығы. 

Анықтама

Донорларға  диагностикалық процедуралар жүргізуде инфекция қауіпсіздігі шараларын жүргізуде асептика мен антисептика режимін сақтаудың маңызы зор.

Сілтемелер

ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті №111 23.04.2013 ж ҚР медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы 

Түсіндірмелер  

Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың  алдын алу мақсатында медициналық қызметкер бөлімшедегі эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек.

Ем-шаралар (процедура)

Қолды тазалаудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолды залалсыздандыру), хирургиялық (белгілі уақытқа қол стерилдігіне қол жеткізу);

1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу(антисептик қолдану)

3.  Қолды хирургиялық дезинфекциялау (антисептик қолдану) 

1. Антисептикті қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу

Мақсаты: қолдың мирофлорасын механикалық әдіспен тазарту. Донорлар мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: 
 донорларды қабылдау алдында, кейін,  қызметкерлердің тамақтану алдында, кейін; 
 әжетханадан кейін 
 әр түрлі манипуляциялар жасағанға дейін, кейін
Ескертпе:  Инфекциялық аурулармен қатынаста болғанда барлық жоғарыда аталған жағдайларды қолдың гигиеналық түрі жуылуы қажет. 
Жабдықталуы:  шынтақ дозаторы бар сұйық сабын, бір реттік салфетка. 
Міндетті шарт: қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.

Ем-шараға дайындық: 
 қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 
 шынтаққа дейін халат жеңін қайыру; 
 кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);

Ем-шараны орындау 
 кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу, 30 сек, суреттегі қимылдармен 

 қолды сабыннан тазартып жуу 

2. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу

Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолдың деконтаминациясын қамтамасыз ету

Көрсеткіштері: биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болғанда және микробтармен ластану мүмкіндігінен кейін;  инвазивті ем шара кезінде;
Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын   медициналық қалдығын салатын  кәдеге жарату  қорабы.

 Міндетті шарт:  қол терісінің саулығы, қысқа боялмаған тырнақ.

 Ем-шараға дайындық: 
 1. Қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 
  2. Шынтаққа дейін халат жеңін қайыру; 
  3. Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40º);
 
Ем-шараны орындау 
 кранды сабынды сумен тазарту, қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін ағынды су астында сабынап жуу,  суреттегі қимылдармен 
 қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты  бойынша  қозғалыс  жүйелігін  сақтай  отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек). 

3. Қолды хирургиялық дезинфекциялау   (антисептик қолдану)
              
 Мақсаты: медицина қызметкерлерінің қолдарының айықтыруын қамтамасыз ету. Көрсеткіштері:   -  стерилді стол жаю қажеттілігі, хирургиялық ота мен  манипуляцияға қатысу.
Қарсы көрсеткіштер: қолмен денеде іріңді жарақаттардың болмауы.
Жабдықталуы: сұйық сабын, антисептик, бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын   медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату  қорабы
Міндетті шарт:  антисептика ережелері қатаң сақталу үшін
Ем-шараға дайындық: 
 қол терісінің бүтіндігін тексеру, әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу; 
 шынтаққа дейін халат жеңін қайыру;
 
Ем-шараны орындау: 
 2 минут көлемінде шынтаққа дейін қол саусақтарының арасын  сабынды сумен жуу, 
 саусақ араларының сабынды көбік кеткенше тазарту 
 қолды бір ретік сүлгімен құрғату 
 кепкен теріге 5 - 6мл тері антисептигімен суреттегі қимылдар бойынша өңдеу жүргізу, 2,5 мин ішінде , қол кепкенше өңдеуді екі рет қайталау . қол жуу ұзақтығы 5минут. 
 кепкен қолға стерилді қолғап кию 
 қолғап әр науқастан кейін алмастырылады. 

Облыстық қан орталығының сапаны бақылау  бөлімінің эпидемиолог дәрігері Эльмира Лайыққызы УТЕГЕНОВА
және  инфекциялық  бақылау мейірбикесі.




Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov