1 253

Былтыр елімізде 239 мың донор қан тапсырған

Астана. 15 маусым. Baq.kz – 2014 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 239 мың тұрғын қан тапсырған. Оның 50 пайызы алғаш рет, 50 пайызы екінші рет тапсырғандар. Бұл турасында бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова хабарлады.

 «Ең алдымен донор болу үшін өзінің ауруын жасырмауы тиіс, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттарды қолданып, қолданбағандығын міндеттер түрде айтуы керек. Одан бөлек Қазақстанда донорлық жыл сайын 5 пайыздан өсіп келе жатыр. Былтыр 239 мың донор қан тіркелді. Оның 10 пайыз тұрғыны жылына 4-5 рет тұрақты түрде қан тапсырып келеді» деп атап өтті ол.
Донорлық стандарт бойынша донация 1 мың адамға шаққанда 25 адамды құрауы тиіс. Осы негізге салса, Еуропада бұл көрсеткіш 40 адам болса, АҚШ-та 60, Қазақстанда 18 адамды құрайды.
Сондай-ақ, З. Әлменованың айтуынша Ұлттық қан тапсыру қоры Қазақстандағы тұрғындарды 100 пайыз қанмен қамтамасыз етіп келеді.
Қазақстанда 2011 жылы алғаш рет ерікті ақысыз донорлықты насихаттау жобаларын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға қаражат бөлінген. Сонымен бірге 2013 жылы ҚР ДСӘДМ тапысырысмен «Капля жизни» қоғамдық бірлесітігінің жоба шеңберінде 17 қан орталығы ашылып, тұрғындар арасында ерікті қан және гемопоэтикалық дің жасушалары донорлығын насихаттау бағытында жұмыс істеп келе жатыр.

 Ая ӨМІРТАЙ
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov