
Плазмаферез – түрлі ағзалар мен жүйелерді емдеу үшін қолданылатын қан тазалаудың қазіргі заманғы әдісі. Нашар экологияның, стресстердің әсерінен адам организмі ұдайы ластану ықпалына ұшырайды. Тұрмыстық химия, темекі түтіні, алкоголь, есірткі, дәрі—дәрмектер – бұл улы өнімдер организмге түседі және ішкі ағзаларды: жүректі, бүйректі, бауырды зақымдап, бүлдіреді. Организмнің тазаруына жауапты ағзалардың өз міндетін орындауға шамасы келмейді. Сондай-ақ нерв жүйесі, жыныстық бездер де жапа шегеді. Сол кезде плазмаферез дер кезінде көмекке келеді. Плазмаферез – бұл қан тазалаудың аз жарақаттаушы және жоғары қауіпсіздігі бар (гепатитпен және АИТВ-мен жұқпалану мүмкіндігі жоқ) әдіс. Плазмаферез процесінде токсиндері, шлактары, антигендері, гормондары, қабыну агенттері бар ластанған плазма жақсы...