
Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен. Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Қаны екінші топтағылар ерекше ұқыпты, жүйелі істі қалайтын және өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие болып келеді. Мінездері өте жайлы болғандықтан, кез келген ортаға тез...