
Сіз өміріңізде қан тапсырып көрдіңіз бе? Егер мұндай игі істі жасаған болсаңыз, онда шынайы сауапқа кенелгеніңіз белгілі. Шындығына келгенде, күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүріп, көп нәрсеге уақыт бөле бермейміз. Ал, қан тапсыру тек туысқандарға көмек керек кезде ғана еске түсетіні жасырын емес. Бірақ, оны тұрақты тапсыру денсаулыққа пайдалы екенін бірі білсе, енді бірі білмейді. Мамандардың айтуынша, біздің өңірде донор болуға деген түсінік әлі де төмен. Өйткені, «Қан мөлшері азайса, кері әсерін тигізеді, онсызда қаным аз» деп ойлайтындар қатары көп. Дегенмен, көпшіліктің пікірі орталыққа келгеннен кейін өзгеретін көрінеді. Себебі, қан тапсыру зиян еместігіне көздері жетеді. Бүгінде дені сау адам болу – шынайы бақыт. Алайда, қазір көбісі осы бақытты сезіне алмай,...