
14 маусым – «Дүниежүзілік қан доноры күні» Донор латын тілінен алғанда (donare латынша - сыйлау) «сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді. Донорлық қанға мұқтаж адамға өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі, әрі адам өмірін сақтап қалатын ынталы, ізгі жомарт жандар. Ол тарту еткен қан операциялар өткізу кезінде, бала боману кезінде, қан кетуде, ауыр жарақаттануда, күйікте, гемофилиямен және қаны аздықтың ауруына шалдыққандарға, педиатрияға, химиотерапия кезінде онкологиялық ауруларға қажет. Әрбір дені сау адам 18 жастан бастап донор бола алады. Донорлыққа тіркелу кезінде жеке куәлік міндетті түрде болуы керек. Қан тапсыратын күні дұрыс тамақтанып, жеңіл таңғы ас (тәтті шай, нана, көкеніс, жемістер)...